Жаңалықтар
«Жылдың ең таңдаулы мектеп жанындағы интернаты» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 8-9 тамызында облыстық білім басқармасы және  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен «Жылдың ең таңдаулы мектеп жанындағы интернаты» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 8 ауданның мектеп жанындағы интернаттары қатысты.

 
Арнайы түзеу және инклюзивті білім берудің мәселелерін шешудегі «Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда жаңа технологияларды пайдалану» тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесі

2013 жылдың 8 тамызында арнайы білімді дамыту және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі мен облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білім беруді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімі даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтік –педагогикалық колдаудағы кездесетін проблемалар туралы облыстық тамыз кеңесін ұйымдастырды. Кеңес мәжілісіне қызығушылық танытқан ұйымдар мен мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар және ақпараттық баспасөзден қатысты.

 
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мектепалды даярлық ұйымының қызметкерлеріне арналған секция

Секцияның жұмысының ІІ бөлімінде аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының қатысуымен «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік құжаттарының орындалуы туралы дөңгелек үстел оздырылды.

 
«Шағын жинақты мектептегі білім және тәрбие сапасы: тәжірибе, мәселе, болашақ» тақырыбында шағын жинақталған мектеп проблемасы бойынша секция

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 тамызы күні Сырым ауданының Бұлдырты жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы) базасында «Шағын жинақты мектептегі білім және тәрбие сапасы: тәжірибе, мәселе, болашақ» тақырыбында шағын жинақталған мектеп проблемасы бойынша секция өткізілді. Секцияға барлық аудандардан әдістемелік кабинеттің шағын жинақты  мектеп проблемаларына басшылық жасайтын мамандар, шағын жинақты мектептер мен тірек мектептер (ресурстық орталықтар) басшылары және магниттік мектептің мұғалімдері, барлығы 80 адам қатысты.

 
«Жігер» әскери-патриоттық, далалық лагері

Білім басқармасы Батыс Қазақстан облысы Ауған ардагерлер қоғамы, ішкі саясат басқармасы, облыстық прокуратура, әскери прокуратура, БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірге 2013 жылдың 10-28 шілде аралығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және ішкі істер органдарында есепте тұрған колледж оқушыларына арналған әскери-патриоттық, далалық «ЖІГЕР» лагерін ұйымдастырды. Лагерь 2 ауысымда өткізіліп 81 оқушыны қамтыды.

 
<< Басы < Алдыңғы 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 Келесі > Соңы >>

Бет: 170. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі