Жаңалықтар
«Алгоритм» технопаркінде облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаеваның төрағалығымен кеңес оздырылды

«Кәсіпқор» АҚ Холдингінің «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту» Іс-шаралар жоспарының «Әріптестік колледждер құру» тармағын орындауға қатысты 2013 жылдың 23 сәуір күні Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркінде облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаеваның төрағалығымен кеңес оздырылды.

 
Облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық ойындары

Оқушылар бойында Отанына беріктігін, азаматтық борышын өтеуге, конституциялық міндетін орындауға даярлығын және жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында сәуір айының 19-20 жұлдызы аралығында Орал қаласының №10 ЖОББМ спорт кешенінде  облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық ойыны  оздырылды. Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына 14-17 жасқа дейінгі балалар  қатысты. Іс-шараға Ақжайық ауданы, Бөкей орда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі аудандары, Орал қаласы № 41, 42 ЖОББМ, ОАТК №5, С. Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернатының оқушылары бас қосты. Ойын барысында командалар саптық даярлық, атыс даярлығы, әскери кросс, кермеге тартылу, командамен таныстыру презентациясы, «Тосын сый» байқаулары бойынша сынға түсті.

 
Қосымша білім беру педагогтарына арналған республикалық біліктілікті көтеру курстарын өткізу

Курстың тақырыбы: «Балалар лагерлерінің қызметін ұйымдастырудың инновациялық жолдары».

Мақсаты:
- балаларға арналған білім беру сауықтыру орталықтарында, қала сыртындағы лагерьлерде қызмет ететін тәлімгер кадрларын дайындау;
- тәлімгер мамандығын арттыру үшін, теориялық және әдіснамалық оқыту, тәрбиелеу, балаларды дамыту негіздерін білетін тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларына, педагог-ұйымдастырушылары мен педагог кадрларға қолайлы жағдай жасау;

 
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық байқауы

Білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтардың тәжірибелерін қолдау және насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы  орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2013 жылғы 18 наурыздағы №18 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың  18-19 сәуір аралығында № 1 ЖОББМ базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, облыстық мектептерден 13 мұғалім қатынасты.

 
«Салауатты ұрпақ – ел болашағы!» атты жасұландықтармен бұқаралық жаттығу оздырылды

Ағымдағы жылғы 18 сәуірде салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға тәрбиелеу, бұқаралық спортпен шұғылдану, күнделікті уақытта жаттығу жасауды дағдыға айналдыру және спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында Орал қаласының мектептен тыс жұмыс орталығында «Салауатты ұрпақ – ел болашағы!» атты жасұландықтармен бұқаралық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараға қаланың мектеп оқушылары, жасұландықтар, жас спортшылар қатысты.

 
<< Басы < Алдыңғы 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 Келесі > Соңы >>

Бет: 180. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі