Жаңалықтар
«Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 21-22 ақпан аралығында  Орал қаласының №37 ЖОББМ-нің базасында «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 13 үміткер қатысты.

 
Білім басқармасы мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мамандарына арналған «ППТК жағдайында топтық бағалау жұмыстарын өткізудің әдістері мен тәсілдері» атты семинар

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сай Шыңғырлау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 20 ақпанында білім басқармасы мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мамандарына арналған «ППТК жағдайында топтық  бағалау жұмыстарын өткізудің әдістері мен тәсілдері» атты семинар оздырылды. Семинарға ПДПК және ППТК меңгерушілері және мамандары қатысты.

 
«Жаңа форматтағы біліктілік арттыру курс бағдарламасының іске асырылуы: сабақ үрдісі, рефлексия» тақырыбындағы семинар-практикумы

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені базасында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Орал қаласындағы  филиалы мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі,жалпы орта,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жаңа форматтағы біліктілік арттыру курс бағдарламасының іске асырылуы: сабақ үрдісі, рефлексия» тақырыбында тұрақты семинар-практикумы өткізілді. Семинарға облыстық, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет басшылары, кураторлар,мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, біліктілік арттыру курстарынан өткен мұғалімдер қатысты.

 
Жас музыканттардың 47 облыстық фестиваль – конкурсы оздырылды

2013 жылғы 20-21 ақпанда Орал қаласының Д.Нүрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі мен № 3 балалар саз мектебінде жас музыкант-оқушыларының облыстық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты - білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік көркем мәдениеттің дәстүрлеріне тұлғаның қызығушылығын ояту, заманауи композиторлардың шығармаларына және үздік үлгідегі музыкалық мұраны  білуге ынталандыру, талантты балалардың ұжымдары мен музыкалық білім алушы дарынды  балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және шығармашылық мүмкіндігін кеңейту, олардың орындаушылық шығармашылықтарын  көтеру. Балалардың музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдары және фортепиано бөлімінде білім алып жатқан оқушылар бақтарын сынады. Аймағымыздың жас өнерпаздары өнерлерін асқан шеберлікпен орындап, көрермендер қауымын тәнті етті. Жас пианисттер конкурсы жастарына қарай  кіші, орта және ересек топтарға бөлінді: кіші және орта топтар бір турда өнер көрсетсе, ересек топта екі турда ұйымдастырылды.

 
Батыс Қазақстан облыстық «Қадыр оқулары-2013» қорытындысы

Білім басқармасының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №633 бұйрығына сәйкес 2012-2013 оқу жылы «Қадыр Мырза Әлі жылы» деп жарияланып, жоспарға сай іс-шаралар өткізілуде. Аталған жоспарға сәйкес облыстық І Қадыр оқулары байқауы 2013 жылдың 15 ақпаны күні «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында өтті.

 
<< Басы < Алдыңғы 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 Келесі > Соңы >>

Бет: 188. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі