Мектеп дамуында өзгерістер мол
03.01.2018 16:35


Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өңіріміздің жалпы білім беретін мектеп басшыларына арналған «Мектеп дамуындағы өзгерістер саласын кеңейту» тақырыбында екікүндік семинар басталды.

Семинар жұмысына бастауыш, негізгі және орта жалпы білім беретін мектеп басшылары, барлығы 383 қызметкер қатысуда. Қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебі қабырғасында өткен алқалы жиын талқыға түскен мәселелердің ауқымдылығымен ерекшеленді. Қатысушылар Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор екеніне тағы да көз жеткізді. Семинар жұмысы мектеп жұмысын жоспарлау, жоғары сапалы білім беру қызметін ұйымдастыру үрдісі, қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың 5 идеясы сынды тақырыптарды қаузады.

Ертең семинардың екінші бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәліметті мектеп ортасында қалыптастыру, барлық типтегі білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, жасөспірімдердің жыныстық қолсұғушылығы мен балалар қылмысының алдын алу, мектепте білім беру аясындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері, мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер, жаңартылған білім беру мазмұнының заманауи трендтерін есепке ала отырып, педагогикалық шеберлікті дамыту аспектілері, білім берудің тағы да басқа өзекті мәселелері жайында кеңінен сөз қозғалады. Шара ертең қаладағы №42 «Ақниет» мектеп гимназиясында жалғасып, түйінделмек.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5 6

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан