ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Білім бәйгесінде бас қосты
05.01.2018 12:43

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.

Білім додасы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған 11 мектеп-интернат кешенінде  жылдағы үрдіске сай ұйымдастырылды. Яғни, олимпиада 13 пән бойынша өтуде. Соның ішінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша 9-11 кластар алты пәннен, гуманитарлық бағыт бойынша 10-11 кластар жеті пәннен білімдерін сарапқа салуда. Олимпиада өткізудің басты қағидасына сәйкес, қазылар алқасының мүшелері қалыптастырылған. Оған негізінен жоғары оқу орындарының білікті мамандары, ғылым докторлары, кандидаттары, доценттер, магистрлер тартылған. Олардың сексен пайызы қазылар алқасында бірнеше жыл қатарынан төрелік етіп келеді. Қазылар алқасының төрағасы, педагогика ғылымдарының доценті Өтебай Құспановтың айтуынша, жылдағыға қарағанда олимпиадаға қатысушылар саны биыл көбейіп отыр. Соңғы екі жылда мектепішілік олимпиадаға қатысушылар саны 14-15 мыңның төңірегінде болса, биыл олардың саны 18 мыңнан асып жығылған. Мәселен, өткен жылы облыстық кезеңге 351 үміткер қатысқан болса, биыл олардың саны 400-ден асып түсті. Бұл көрсеткіш пән олимпиадасына балалардың қызығушылығы едәуір арта бастағанын аңғартады.

Білім сайысы арнайы жабдықталған орында өткізілуде.  Әр оқушы жеке-дара жұмыс үстелімен, қажетті компьютерлермен қамтамасыз етілген. Балаларды олимпиада өткізілетін орынға алып келу, әкету, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қауіпсіздік шаралары, барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Біз бұл орайда көп жылдан бері облыстық кезеңде қазылар алқасына мүшелік етіп жүрген, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің физика және математика кафедрасының меңгерушісі Борис Улановты сөзге тартқан едік. - Бұл кезең оқушылар үшін де, қазылар алқасы үшін де  өте жауапты. Және осы жылдар ішінде біздің шәкірттеріміз өте жақсы нәтижелерімен көзге түсіп жүр. Айту керек, математика-физика пәндерінен тапсырмалар өте күрделі. Ол оқушылардан тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Бұл орайда олар сенім үдесінен шығып, ұстаздарын ұдайы қуантып жүр. Жалпы, мұндай білім сайыстары дарынды балаларымыздың ашылуына, жаңа қырларымен танылуына мүмкіндік беруімен ерекшеленеді, - деді Борис Васильевич.

Биология ғылымдарының кандидаты Гүлжаһан Қайсағалиева да облыстық кезеңнің өткізілу барысымен жақсы таныс. Өйткені біраз жылдан бері қазылар алқасының қатарын толықтырып жүр. – Бүгін 9-10-11 сынып оқушылары арасында жылда өткізілетін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Бұл кезеңге қалалық және аудандық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері қатысуда. Тапсырмалар республикалық «Дарын» орталығынан келеді. Олимпиада екі турға негізделген. Бүгін теориялық кезеңде тестілеу өтуде. Ертең практикалық турдың кезегі. Жаратылыстану пәндері бағытында тапсырмалар әртүрлі, ситуациялық есептер де болады. Айта кету керек, ертеңгі екінші тур күрделірек болуы ықтимал. Бақылаушы ретінде пәнге қатысы жоқ қала көлемінен колледж оқытушылары тартылған. Қазылар алқасы оқушылардың тапсырма орындау барысына қатыспаймыз, түстен кейін арнаулы аудиторияларда оқушылардың жұмыстарын тексереміз, – деді Гүлжаһан Смайылқызы.

Олимпиада алдында қатысушыларға да бір-екі сауалымызды қойып үлгердік. Жалпы, аудиторияларға жайғасқан шәкірттердің көңіл күйлері бір қалыпты көрінді. Облыстық дарынды балаларға арналған, мамандандырылған  мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Нұржанар Ибрагимованың таңдауы химия пәніне түскен екен. «Сайыс болғасын қобалжу болады ғой, алайда дайындығым жақсы, өз-өзіме сенімдімін» деген шәкіртке сәттілік тіледік.

Біз қазір «Білімді мыңды жығады» деген қағида ақиқатқа айналған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Білім сайысына қанаттарын қомдап келген өрендер – еліміздің ертеңі, жарқын болашақ иелері, ел дамуына үлес қосатын айбынды азаматтар. Ендеше, шәкірттерімізге сәттілік серік болсын! Ал біз олимпиаданың нәтижесімен 7 қаңтар күні бөлісетін боламыз.

Айнагүл Серікқызы,
Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы

1 2

3 4

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан