Ресейлік тәжірибемен бөлісті

Қаңтардың 10-ы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдауда арнайы білім беру ұйымдары басшысының рөлі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

Мекеме меңгерушісі Райса Маселованың мәлімдеуінше, облыс бойынша үш психологиялық -дәрігерлік- педагогикалық кеңес беру мекемесі болса, онда ерекше білім беруді қажет ететін 6025 бала есепте тұр екен. Сонымен қатар 12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде 385 балаға түзеу көмегі берілуде. Ал үш арнайы түзету мектептерінде 621 бала білім алып жүрген көрінеді.

Сондай-ақ соңғы жылдары жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру жолға қойыла бастағаны белгілі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016-2019 жылдарға арналған Білім беруді және ғылымды дамыту бағдарламасына алғаш рет инклюзивті білім беру тармағы енгізілген болатын. Бүгінгі күні осы мемлекеттік бағдарлама бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың пайыздық үлесі - 15 пайыз болу керек болса, біздің өңірде  - 39 пайыз, яғни 97 мектепке дейінгі ұйым инклюзивті білім беруге сайлы. - Жалпы орта білім беретін мектептерге 109 арнайы түзету-дамыту сыныбы, 69 логопедиялық бөлімше, 134 педагог-дефектолог бірлігі, 23 арнайы логопед бірліктері енгізілді. Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалардың 63 пайызы инклюзивті біліммен қамтылған. Мектепке дейінгі ұйымдарда 18 арнайы инклюзивті топта 176 бала тәрбиеленуде. Сонымен бірге 32 инклюзивті білім беру кабинеттеріне 305 бала барады. Айта кету керек, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында да инклюзивтік білімді дамыту жұмыстары жүйелі іске асуда. Қазіргі кезде үш білім ошағы - Рубежка, Орал ақпараттық-технологиялық колледжі, Орал сервис технологиялық колледжі – инклюзивтік колледж болып есептеледі. Бөрлі ауданын қоспағанда, барлық аудан орталықтарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері жұмыс жасап тұрса, ағымдағы жылы «Дара» қайырымдылық қоры және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Орал қаласында да ашылды. Мұнда 68 бала түзеу көмегін алуда. Мамыр айында ашылғалы бері бес бала түзеу көмегін алып шықты. Жалпы жыл санап ерекше білімді қажет ететін балалар саны азаюда. Былтыр олардың саны - 6032 болса, биыл 6025-ті құрап отыр, - деп облыстық білім басқармасының инклюзивті, арнаулы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы Ерік Тұяқов бұл бағыттағы жұмыстарды егжей-тегжейлі айтып берді. Бұрын арнайы педагогтардың жоқтығы қиындық тудырса, соңғы жылдары облыстық білім басқармасының ұсынысымен, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің қолдауымен жоғары білімді педагогтарды дефектология мамандығына қайта даярлау курстарын ашу арқылы бұл мәселе де шешімін тапқан. - Тағы  бір мәселе - көздері мүлде көрмейтін зағип балаларға арналған оқулықтардың жетіспеушілігі болатын. Соңғы жылдары министрліктің қолдауымен бұл мәселенің де түйіні тарқатыла бастады. Ағымдағы жылы 1-сыныпқа арналған оқулықтың жарық көруі – сөзімізге дәлел. Бұл істің әрі қарай да жалғасын табатынына сенеміз, - деп сөзін толықтырды Ерік Ибатоллаұлы.

Қазталов ауданындағы педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі Динара Салықова аудан көлемінде ерекше білімді қажет ететін барлығы 320 бала бар екенін айтады. Соның ішінде осындай санаттағы 30 жеткіншекпен аудан орталығында жұмыстанып отырған көрінеді. – Отыз баламен түзете-дамыту жұмыстарын жүргіземіз. Балаларды үйірмелерге тартып, шығармашылықпен жұмыстанамыз. Ата-аналармен етене байланыс жасап, жалпы білім беретін мектептердегі педагог-мамандармен де тәжірибе алмасып отырамыз. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды облыстық психологиялық- дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі анықтап, бізге жолдайды, - дейді.

Семинарға қатысушылар жуырда Ресей Федерациясына барып іс-тәжірибе алмасып қайтқан әріптестерінің айтарына құлақ түрді. Жиын барысында Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі мен Ресей Федерациясының кіріктірілген оқыту тұжырымдамасының айырмашылықтары туралы облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің меңгерушісі, логопеді Райса Маселованың, Қазақстан мен Ресейдегі инклюзивті білім беру жағдайында ДМШ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері хақында аймақтық психологиялық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің меңгерушісі Аймат Бекдаирова, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыстануда Эбру терапиясын қолдану жөнінде Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Гүлсім Ғалиева баяндады. Сондай-ақ семинарда арнайы білім ұйымдарында мемлекеттің қамқорлығын қажет ететін балаларға жағдай жасау, инклюзивті білім беруді дамытудағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің рөлін күшейту, тағы басқа мәселелер талқыға түсті.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі