ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Жоба аясындағы семинар-тренинг

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Пресс Центр Азия» қоғамдық қоры арасында 2017-2018 жылдарға арналған жұмысшы кәсібін дәріптеу жөніндегі «Өмірлік таңдау» жобасын іске асыру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, бастау алды. Жобаның басты мақсаты – орта мектептердегі 8–10 сынып оқушыларына, сондай-ақ олардың ата-аналарына мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, оқушылар арасында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын насихаттауда ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.

Аталған жоба аясында ағымдағы жылдың 9-10 қаңтар күндері облысымыздың білім беру ұйымдарының 50 педагог-психологтеріне семинар-тренинг өткізілді. Шара соңында қатысушыларға біліктіліктерін арттырғаны туралы сертификат табысталды.

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетованың сөзіне сүйенсек, «Өмірлік таңдау» жобасы үш кезеңнен тұрады. І-ші кезең – педагог-психолог мамандарды оқыту-тренингін өткізу, ІІ кезең (ақпан айында) – оқушылармен, ата-аналармен жұмыс жүргізу, 8-10 сынып оқушыларын өндіріс орындарына экскурсияға апару, еңбек отбасыларымен кездесу, ІІІ кезең (уақыты нақтыланады) – қорытынды кезең – сертификатталған педагог-психологтардың сырттай байқауының үздік шыққан екі қатысушысы республикалық форум-байқауға қатысады. Нәтижесінде республикалық кезеңде үздік шыққан бес педагог-психолог Ресей Федерациясына оқуға жолданады.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан