Қамқоршылық кеңес жұмысында жариялылық басым
17.01.2018 18:31

Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің жұмысы, жүргізілген мониторинг нәтижесі, білім ошақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы бүгін қаламыздағы Оқушылар және жастар сарайында өткен дөңгелек үстелде кеңінен талқыланды.

Бұл маңызды шараны облыстық білім басқармасы, мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру жолдары» деген атаумен өткізді. Оған облыстық білім саласындағы бақылау департаменті, облыстық білім басқармасының өкілдері, қалалық, аудандық білім беру бөлімдеріндегі қамқоршылық кеңес жұмысына басшылық жасайтын мамандар, кеңес мүшелері қатысты.

- Қоғам мен мектептің арасындағы диалог құралына айналған қамқоршылық кеңестер білім беру мекемесін әлеуеттік жағынан да, білім-тәрбие жағынан да қолдайды, - дейді қамқоршылық кеңестердің жұмысы туралы баяндаған облыстық білім басқармасының тәрбие және профилактикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Алтынбек Қадыр. Маманның сөзіне сүйенсек, бұрын қамқоршылық кеңестер ҚР Білім және ғылым министрлігінің 501-ші бұйрығы негізінде жұмыс жасап келсе, 2017 жылдың 27 шілдесінде №355 бұйрық шыққаннан кейін қайтадан құрылып, құрамы өзгерген.  Бұл құрамға ата-аналар, қоғамдық ұйымдар және жергілікті атқарушы орган өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер енгізіліпті. Ал мектеп әкімшілігі кеңестің толыққанды мүшесі бола алмайды екен. Тек қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысуға құқылы. Бүгінде өңірдегі 343 білім беру мекемелерінде аталмыш кеңестер құрылып, жұмыстарын бастаған. 2018 жылдан бастап қамқоршылық кеңестің отырыстары тоқсан сайын жоспарлы түрде өткізіле бастады. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестермен 285 отырыс өткізілгені белгілі болып отыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин де білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылауға ой қосты. - 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, мектептердегі ата-аналар кеңесінің жұмысын қайта ұйымдастыруды қолға алды. Өйткені ата-аналар кеңесінің көбіне-көп ақша жинаумен ғана шектеліп, мектептің басқалай мәселелеріне араласпайтындығы анықталды. Осыған орай барлық білім беру ұйымдарында қамқоршылар кеңесін құру жөнінде ұсыныс берілді. Бұл ұсыныс әбден сараланып, жан-жақты қаралды. Қамқоршылық кеңестері бар мектептердің тәжірибесі басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылдың 27 шілдесіндегі №355 бұйырығымен қамқоршылық кеңесті құру және жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді. Ережеге сәйкес қамқоршылар кеңесінің құрамында кем дегенде 9 адам болуы керек. Мемлекеттік қызметшілердің саны 3-тен аспауы керек. Бұрынғы ескі үлгіде қамқоршылық кеңеске келіп түскен қаражат педагог-кадрлардың қажеттіліктеріне жұмсалуы мүмкін болса, жаңа ережеде бұған тыйым салынған. Ендігі жерде қамқоршылық кеңестердің жұмысы тұрақты түрде интернет-ресурстарында жарияланады. Кеңес жиналысының әрбір хаттамасы интернет-ресурстары арқылы көпшілікке жетуі тиіс. Сонда қамқоршылар кеңесінің арнайы есепшотына түскен қаражаттың әрбір тиыны қайда жұмсалғанын ел біліп отырады. Бұдан былай ата-аналардың ақша жинауына тыйым салынады. Мектепке үлес қосамын, демеушілік көрсетемін деген ата-ана қаржысын қамқоршылар кеңесінің есепшотына аударуына болады. Бұл қаржы білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық мәселелерін шешуге, сондай-ақ мектептің немесе сыныптың ішін безендіру, оқушыларды іссапарға жіберу секілді пайдалы істерге жұмсалады. Міне, осы мәселелер бүгінгі дөңгелек үстелде қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлеріне түсіндірілуде, - деді Біржан Марданұлы. Жиында қаладағы №35 мектеп лицейінің директоры Леонид Черыкаев қамқоршылық кеңес жұмысын мығым ұйымдастыруға кедергі келтіріп отырған мәселенің шетін шығарып, облыстық білім басқармасына өз ұсынысын жеткізді.

- Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын қолға алатын кез келді. Әрине, демеушілік қаражатты қабылдайтын есепшотымызды ашып қоюымыз керек. Есепшот облыстық қазынашылық департаментінен ашылады, бұл жерде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкін емес. Электронды сатып алуда қандай жабдықтаушыға жолығатынымыз неғайбіл. Әрине,  олардың ішінде де жауапсыздары жетеді. Ал ата-аналар мен демеушілер өздері тапсырыс берген тауардың сапалысын әрі уақытында алғысы келеді. Бұл мүмкін болмай жатады. Сондықтан осы мәселені министрдің алдына қойып, демеушілік есепшотты заңдастыруды ұсыну қажет. Мектепке қажетті тауарды сатып алуды келісімшарт негізінде жүзеге асыруды қарастырған жөн, - деді Леонид Георгиевич.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде қамқоршылық кеңестер жұмысының тиімділігі, Назарбаев зияткерлік мектебіндегі қамқоршылық кеңестің қызмет тәжіибесі, қайырымдылық көрсету хақында айтылып, қатысушыларға қамқоршылық кеңестердің жұмысын жандандыруға қажетті кең ауқымды мағлұматтар берілді.

Облыстық білім басқармасының қызметі

1 2

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан