«Шығармашылыққа шектеу жоқ»
Thursday, 18 January 2018 18:06

Бүгін «Мектепке дейінгі ұйымды басқаруды жаңғырту» тақырыбында қаңтардың 16-нан бері  өткізіліп жатқан семинар аясында ұйымдастырылған фестиваль осылай аталды.

Облыстық білім басқармасының арнайы бұйырығымен облысымыздағы 18 мектепке дейінгі ұйымда «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханалары ашылғанын бұдан бұрын жазғанбыз. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Даурия Кудашеваның айтуынша, бұл фестивальде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейі мен кәсіби шеберліктерін көтеруге мүмкіндік берілді. Мектепке дейінгі ұйымдар өздері жұмыстанып жүрген интеллектуалдық дамыту зертханасы қызметімен, дамытушылық пен шығармашылық оқыту саласындағы білім және тәжірибе құндылықтарымен таныстырды. Яғни, педагогтардың озық іс-тәжірибелері таратылып, насихатталды.

Айта кету керек, мектепке дейінгі ұйымдарда ашылған дамыту зертханалары оқыту-тәрбие жұмыстарын «Фребель сыйы» ойын технологиясы, М.Монтессори, Н.Зайцев, М.Ибука, П.Никитиндердің технологиялары мен әдістерінің элементтері, денсаулық сақтау технологиясы, интерактивті танымдық-оқыту кешендері «Сиқырлы қалам», «Зерек бала», «Ақылды балапан», ертегі-терапия жиынтығы, робот техникасы, LEGO-конструкторлары, ПОЛИДРОН дамытушы конструкторы, логикалық ойындары, т.б. арқылы жүргізіп келеді. Интеллектуалдық дамыту зертханаларының оқу-әдістемелерінің сан алуандығы шара барысында көрініс тапты.

Фестивальде балалардың компьютерлік сауаттылығын арттыруды мақсат тұтқан Ақжайық ауданының «Бөбек» балабақшасы өз жұмыстарын «Достар ғаламшары» деген тақырып аясына сыйғызса, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №3 «Гүлдер бөбекжайы «Эврика» танымдық-интеллектуалдық дамыту, осы ауданның №4 «Айгөлек» бөбекжайы «Эрудит» түзете-дамыту, №5 «Ертегі» бөбекжайы «Баланың үйлесімді даму орталығы» тақырыбында жұмыстарын паш етіп, іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті. Эксперимент алаңын «Өзін-өзі тану – рухани тәрбие» деп атаған Орал қаласының №21 «Росинка» бөбекжайы да жобалық жұмыстарының тартымдылығымен әріптестерін жалықтырмады. Сондай-ақ «Қадыр мырза Әлі шығармалары бала тәрбиесінде» эксперименттік алаңында жұмыстанып жүрген қаладағы №35 «Шұғыла» бөбекжайы да бүлдіршіндері мен қызметкерлерінің жан-жақтылығымен ерекшеленді. Біз фестивальде үздіктер сапында болған Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №3 «Гүлдер» бөбекжайының педагог-психолог маманы Ботагөз Еділбаевадан өзі кураторлық ететін «Эврика» зертханасының қызметі туралы айтып беруін өтінген едік. – Зертханалық қызмет арқылы балаларды танымдық-интеллектуалдық тұрғыда дамытуға көңіл бөлеміз. Біздің зертханадағы балалар екі топқа бөлінген. Бірі – эксперименттік, екіншісі – бақылау тобы. Мұнда бір әдіскер, бір психолог маман, екі тәрбиеші жұмыс жасауда. Біз қазір инновациялық әдістеме ретінде ұлттық ойын – асықты пайдаланып жүрміз. Яғни асық ойыны арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін шыңдап, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, ұлттық ойындарды ұдайы таныстырып отырамыз. Келесі әдістеме – банчемс кострукторымен жұмыс. Бұл да балалар үшін өте қызық дүние. Бүлдіршін бөбектердің дамуына ықпал ететін инновациялық технологиялардың бірегейі - Мебиус лентасы. Міне, эксперименттік алаңда осындай заманауи әдіс-тәсілдерді ендіру арқылы жұмыстанып келеміз, - деді Ботагөз Аманжолқызы.

Ал №27 «Жігер» бөбекжайы эксперименттік алаңдарын «Ойнай отырып, ойлайық» деп атаған екен. Бөбекжайдың жоғары санатты тәрбиешісі Латида Ахмеджанова фестивальде әртүрлі оқу қызметтеріне байланысты баланың танымдық-шығармашылық белсенділіктерін дамытатын сан алуан ойын түрлері көрсетілетінін айтты. – Балалардың ойлау белсенділігі мен дамуына ойын арқылы әсер етуге болады.  Сол себепті, эксперименттік алаңымыздың тақырыбын осылай атадық. Мәселен, шығармашылық бағытта баланың тұзды қамырмен жұмыстануына, қарапайым математикалық түсініктерді қабыстыруда балдырғандардың ой-өрісін дамыту үшін сиқырлы қорапшаны пайдалануға әбден болады, - деген Латида Насимоллақызы «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы аясында бөбекжайда жасалып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Жиын соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы

1 3

2 4

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан