Жолдау жүктеген міндеттер көп
19.01.2018 17:12

Бүгін, қаңтардың 19-ы облыстық мәслихаттың үлкен мәжіліс залында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі облыс активінің жиналысы өтті. Жиында облыс әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.

- Әлемде орын алып жатқан динамикалық өзгерістер төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сай әрі жедел түрде жауап қатуды талап етеді. Ал биылғы Жолдауды қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламасы деуге толық негіз бар. 2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үрдістерінің логикалық жалғасы. Ол «Қазақстан – 2050» даму стратегиясымен, 100 нақты қадам Ұлт жоспарымен, «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштасады. Биылғы Жолдаудың мәні төртінші өнеркәсіп революциясының шеңберінде даму іс-қимылдарымен ойдағыдай бейімделу стратегиясын анықтайды. Жолдаудың мазмұнында атқарылған істер қысқа мерзімде және орта, ұзақ мерзімдік кезеңде жүзеге асырылатын тараулар көрсетілген. Он басым бағыттан тұратын Жолдауда мемлекетіміздің алдында жаңа технологияны енгізу арқылы қазақстандық индустрияны, ақпараттық технологияны, ауыл шаруашылық саласын, көлік-логистикасын, тұрғын үй құрылыс саласын, қаржы секторы мен банк жүйесін, адам капиталын дамыту, цифрлық технологияны енгізу арқылы тиімді мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлықпен күресу, смарт-сити тұжырымдамасы мен дамушы қалалардың проблемалық мәселелерін шешу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру сияқты ел дамуына ерекше серпін беретін маңызды міндеттер айтылды, - деген Алтай Сейдірұлы өнеркәсіптік компаниялардың өндіріске тың технологияларды енгізуі қажеттігін, Елбасы қойған тапсырмалдарды орындауға облысымыздағы компаниялардың мүмкіндіктері жететінін, өндіріс ошақтарының дені қазірдің өзінде материалдық-техникалық тұрғыда модернизацияланып, өндіріс көлемін нығайтуды көздеп отырғанын баяндап өтті.

Аталмыш жиында Назарбаев зияткерлік мектебі директорының халықаралық орынбасары Рокко Уорренге де сөз кезегі тиді. – Қазақстанның келешегіне қатысты маңызды кездесуге шақырғандарыңызға үлкен рахмет. Аудармашының көмегімен  өнеркәсіп орындары басшыларының Қазақстанның болашағы мен қазіргі таңдағы дамуы туралы мәліметтеріне қанық болып отырмын. Қазақстан Президентінің Жолдауы өзім еңбек етіп жүрген білім саласының өңірлік деңгейден жаһандық деңгейге дейінгі ықпалының маңыздылығын ұқтырды. Жолдауда Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты мәселелердің көтерілгеніне бек қуандым. Әрине, барлық елде һәм Қазақстанның да білім беру жүйесінде өзгерістер, жақсартуды талап ететін тұстары мен қиындықтары қатар жүреді. Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылған кезінен бастап жаңа бағыттарды қарастыратын үлкен революцияның генераторына айналды. Бұл білім ордасында түрлі оқыту бағдарламасын жасау, оны өзгерту, толықтыру, қажет жағдайда қайта қарау қалыпты жағдай. Жұмыс барысында байқағаным,  менің әріптестерім оқыту бағдарламасын жаңартып отыруға, өзгеріс енгізуге құштар. Осы мектепке келгелі ондаған мектеп басшыларының  нұсқау беруші көшбасшыдан - ұйымдастырушыға, білім берушіге айналғанын көрдім. Олардың көбісі Назарбаев мектебінен алған іс-тәжірибелерін қазір өз мектеп ұжымдарында пайдаланып жүр. Мақтанарлық жәйт. Көптеген тәжірибелі әріптестерім бұрынғы дәріс берушіден немесе дәстүрлі оқытушыдан жаңа үйренушінің үлгісіне айналды. Яғни, әріптес-ұстаздардың сабақ беру кезіндегі көпсөзділік форматтан оқушыларды көбірек сөйлету форматтарына көшуі мені қуантады. Сонымен қатар жас мамандардың «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып, үздік тәжірибені білім саласына енгізуге тырысып жүргендері құптарлық. Мұндай құлшыныс ардагер ұстаздардан да байқалады. Мамандардың үш тілде еркін сөйлеуге талпынысын да байқамау мүмкін емес. «Сіз өз еліңізде немесе басқа елдерде зейіні жоғары, білімге құштар қандай оқушыларды кездестірдіңіз?» деп менің кез келген шетелдік әріптестерімнен сұрап көріңізші. Бұған жауап біреу. Олар әрине, қазақстандық оқушылар дер еді. Осы елдегі менің бесжылдық еңбек жолымда түйгенім - Қазақстанның жолы ашық, бағыты дұрыс. Мен бұған сенімдімін, сөзіме Қазақстанның білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер куә, - деді Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі. Айта кету керек, осы жиында облыс әкімі Алтай Көлгінов Рокко Уоррен мырзаға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту тәжірибесін шалғай аудан-ауылдарға да тарату мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, үш тілде Абайдың хикметтері жазылған әдемі кітапты сыйға тартты.

Актив отырысында Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС директоры Ақжол Сауранбаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ проректоры Нұрлан Серғалиев, тағы басқалары сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен оларды жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларға тоқталды.  Актив жиналысының қарарымен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов таныстырды.

1 2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі