ҰБТ-ға дайындық – бүгіннен!
23.01.2018 16:20

Бүгін, қаңтардың 23-і облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқушыны ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындаудың ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинары өтті.

Семинар барысында басқарманың мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева Ұлттық бірыңғай тестілеу бағытындағы нормативтік құжаттарға және тестілеу ерекшеліктеріне тоқталды. – Ұлттық бірыңғай тестілеу ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. ҰБТ-ны және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген. Жылдағыдай ҰБТ биыл да тоғыз ұлттық тестілеу пункттерінде өтеді. Екеуі – Орал қаласында, жетеуі – аудан орталықтарында. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізудің нақты мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігін бұйрығымен бекітіліп, анықталады. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында, шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 4 шілде аралығында, шығармашылық емтиханын өткізу 5-10 шілде аралығында, педагогикалық мамандықтарға қатысуға өтініштерді қабылдау және арнайы емтихан өткізу 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүргізіледі. Тестілеуді өткізу уақыты шамамен 20 маусым мен 1 шілде аралығында болмақ, - деген Светлана Ибрагимқызы ҰБТ өтетін пәндерге басымдық берді. Бұдан соң тестілеудің ережесі мен тәртібі туралы айтып өтті. –  Биыл да тәртіп-ереже қатаң сақталуы керек. Қазіргі таңда аудан әкімдеріне хат жазылып, ҰБТ өткізетін пункттерде тәртіп сақталу үшін жұмыстар жүргізілуде. Тестілеу кезінде сөйлесуге, орын ауыстыруға, көшіруге, емтихан материалдарын айырбастауға, анықтамалық әдебиеттер, оқулықтар, шпаргалка, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын алып кіруге және қолдануға болмайды. Кез келген радиоэлектронды байланыс түрін пайдалануға тыйым салынады. Емтихан материалдарын, жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларын умаждауға, сұрақ кітапшалардың бетін жыртуға жол берілмейді. Бұл жерде психологтардың балалармен көбірек жұмыстануы керек. Себебі балалар тест кезінде көбіне кітаптардың беттерін жыртып алады да, дұрыс жауабын белгілей алмай қалдық, бояп тастадық деп ақталып жатады. Ал келесі күні аппеляцияға беретін болса, баланың сұрақ кітапшасы міндетті түрде бірге көтеріледі. Кітаптарының бетін жыртып, бүлдіріп тастаған жағдайда балалар өз жұмыстарын аппеляцияға бере алмайды.

ҰБТ-ға дайындық барысында барлық пәндер бойынша тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылады. Екі сараптама пробация өткізіледі. ҰБТ-ға арналған мамандықтар бойынша бейінді пәндердің тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісіліп, министрліктің Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында, әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Ұлттық тестілеу пәндері бойынша тест спецификациялары ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісіліп, бекітіледі. Тест тапсырмаларының үлгілері Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының сайтында жарияланады. Тағы бір айта кетерлік жәйт -  жылдан-жылға психологтардың жұмыстары жақсарып келе жатқаны байқалады. Былтыр балалар арасында қиындық туғызға мәселе - екі бейіндік пәннен тест тапсырғанда мектепте бірінші бейіндік пәнге көп көңіл бөліп, бірінші пәні - биология пәнінен жақсы дайындықпен келді де, екінші пән - химиядан өз білімдерін орта деңгейде көрсетті. Жүргізілген толық мониторингтің нәтижесінде бірінші пәнді мектепте де тапсыратын болғасын, көп уақыт соған дайындалып, екінші пәннің назардан тыс қалып қойғаны белгілі болды.  Сол кезде балалар екінші пәннен шекті деңгейді жинай алмай қалды. Осы кемшіліктерге биыл жол берілмейді деп сенеміз, - деді С.Темірғалиева.

Семинарда облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты кешенінің педагог-психологі Орынғали Ерниязов ҰБТ-ға дайындалудағы мектеп психологінің жұмыс бағыттары және дайындалу барысындағы негізгі қиындықтар туралы сөз етті. – Қазіргі уақытта ҰБТ мәселесі тұтас қоғамның мәселесіне айналғаны рас. Себебі бала кезден армандаған мамандығына қол жеткізе алмау немесе достары, жора-жолдастары арасында ұятқа қалу, мектеп әкімшілігі, мұғалімдердің мектеп рейтингісін төмендетпеуге ұмтылуы, осы бағыттағы және ата-аналар тарапынан жасалатын психологиялық қысым, тағы басқа мәселелер балаға үлкен салмақ салады. Бір сөзбен айтқанда біздің қоғамымыз кей жағдайда ҰБТ-ны бала өміріндегі қылкөпір ретінде есептейді. Яғни, бұл айналып келгенде баланы тығырыққа тірейді. Оқушы үш сағатта ойлаған балын жинай алмаса, кей жағдайда өздеріне қол жұмсап жатады. Болашақ түлектеріміздің ҰБТ-ны ойдағыдай сәтті тапсыруы, оған психологиялық, үлкен білімділік даярлықпен баруына, отбасы мен мектеп жұмысының үйлесімді жүргізілуінде психологиялық қызметтің маңызы зор. Кейбір ата-аналар өз балаларын белгілі бір нәтижеге бағыттап, баланың төмен бағаға ие болу фактісін байсалдылықпен қабылдай алмайды. Жоғары талап қойып, баланың ауыр күйзеліске ұшырауына жол ашады. Мұндайда психологтың көмегі бала үшін ғана емес, ата-ана үшін де маңызды. Күйзелістің алдын алу мен одан шығудың амал-әрекеттерін іздеп келгенде психологиялық кеңес алдымен балаға емес, ата-анаға қажет, - деді Орынғали Наурызғалиұлы.

Семинардың практикалық бөлімінде педагог-психолог мамандар балалармен жүргізетін психологиялық жаттығуларын, педагогтермен және ата-аналармен жасалатын жұмыстарын таныстырды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі