Қолдау тапқан әліпби
20.02.2018 22:14

Бүгін латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгерістер енгізілгені туралы хабар жалпақ жұртқа тарады. Осындай маңызды жаңалықты дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені ұжымының жылы қабылдағанын осы білім ұясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Ығылманованың мына пікірінен аңғардық.

- Бүгінгі күн тәуелсіз еліміздің тарихында тағы бір айтулы, тарихи күн деуге болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев көптен шешімін таппай, қоғамда қызу пікірталас тудырып жүрген өзекті мәселенің түйінін шешіп, латын әліпбиінің өзгерістер енгізілген нақты нұсқасын жария етті. Бүгін жарияланған латын графикасындағы қазақ әліпбиінде 6 әріптің төбесіне үтір қойылған және бірнеше әріп біріккен. Алғашқы нұсқаларда апострофтардың көптігі көпшіліктің алаңдатушылығын туындатқан еді. Ал соңғы нұсқада біздің ана тіліміздегі төл әріптеріміздің таңбалануы ерекше назар аударылған және э, ю, я, щ, ц, ч, жіңішкелік, айыру белгілерінің әліпбиден алынып тасталуы да біздің ана тіліміздің тазалығын сақтауға, тіліміздің шұбарланбауына жасалған игі қадам. Бұл соңғы қабылданған әліпбиіміздің жаңа нұсқасы жан-жақты ойластырылған, ана тіліміздің төл табиғатын сақтай білген, өте тиімді, түсінікті нұсқа деп ойлаймын. Енді алдағы уақытта біздер, тіл мамандары, латын әліпбиіне көшуді, оны қалың бұқара халыққа, оқушыларға үйретуге үлкен жауапкершілік таныта білуіміз керек. Өйткені «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» дегендей, ана тіліміздің байлығын, шынайылығын, тазалығын сақтау – біздің басты міндетіміз. Латын әліпбиін қабылдау бізге ұлттық құндылықтарды, рухани байлығымызды, рухани мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап ары қарай дамытуға себепші болады. Біз өз тарапымыздан латын әліпбиінің артықшылықтарын халыққа кеңінен таныстыра отырып, бүгінде қазақ елінің бірлігі мен елдігін нығайтудың жолдарын көрсете аламыз. Сондықтан, Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болып саналады.

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан