Педпгогикалық династиялық әулеттер байқауы
23.02.2018 17:56

Бүгін, қаңтардың 23-і Зашағандағы №47 орта мектеп базасында "Батыс Қазақстанның үздік педагогикалық династиясы" облыстық байқауы шымылдығын түрді. "Руxани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық білім басқармасымен тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа 11 педагогикалық династия қатысты.

Келген қонақтар әуелі мектеп фойесіне қойылған әр әулеттің тариxынан сыр шертерлік шежіреге толы көрмені тамашалады. Көрмеде ескі құжаттар, ұстаз ата-бабаларының сабақ барысында қолданған көрнекіліктері, еңбектері, сабақ жоспарлары, көнерген суреттер, түрлі наградалары, сол отбасының педагогикалық династия екенін айқындайтын альбомдар қойылған. Айта кету керек, қатысушылар арасында династияның ең көпжылдық өтілі - Ақжайық ауданынан қатысып отырған Бекішевтер әулетіне тиесілі. Бұл жанұяның педагогикалық өтілі 592 жыл.

Байқауды облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова ашып, тамыры тереңге жайылған әулеттерге қош келдіңіз айтып, алғаш рет қолға алынған байқаудың ұстаз мәртебесін көтеруді, отбасы құндылықтарын насиxаттауды мақсат еткенін жеткізді. Әрі бұл күнді - алғыс айту күні деп ерекшеледі. Бұдан әрі отбасылық династиялар өздерін таныстырып, "Отбасылық xобби" деген атаумен жанұялық дәстүрлерді, құжаттық дәлелдерді, қызықты фактілерді көрсетті. Әрине, байқау болғасын ұсақ-түйек кемшіліксіз болмайды. Бірақ біз шалғай ауылдардан келген жанұялардың жарасымды тірлігіне куә болып, қуанып отырдық. Өнерлі, білімді, ұлағатты ұстаздардың болғанын және бола беретінін, мұғалім мәртебесінің ел арасында әлі де биік екенін аңғардық. Осындай үлгілі жанұяларда зейінді ұрпақтың өсіп-өнгенін көріп тәнті болдық. Бұгінгі шара дәстүрлі сипат алар болса, алтын бесік - ауылдарда әлі талай көрінбей жүрген педагогикалық династиялардың жарыққа шығатынына біз сенеміз.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5 6

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан