Сайт жасауды үйренді
Friday, 23 February 2018 18:28

Елбасымыздың биылғы Жолдауындағы цифрлық білім беру ресурстарын дамыту туралы тапсырмасы өңіріміздің білім беру саласына да тың серпін берді. Облыстық білім басқармасының білім беруді ақпараттандыру орталығы мамандары өңірдің информатика пәні мұғалімдерін Joomla CMS бағдарламасымен сайт жасауды үйретті.

Екікүндік курс бүгін аяқталды. Аталмыш курсты жүргізген облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының мамандары Армат Мақсотов пен Есенгелді Жанғазиевтің айтуларынша, пән мұғалімдерінің шеберлігі мен біліктілігін арттыруды көздеген мұндай курстарды ұйымдастыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын табады. Joomla CMS бағдарламасы сайт жасауды үйренушілер үшін қарапайым әрі тиімділігімен ерешеленеді. 16 сағатқа негізделген курс барысында қатысушылар сайтты өз беттерінше құрып безендіруді, функциялары мен мүмкіндіктерін үйреніп, компьютермен жасауды және оны хостингке салуды меңгеріп шықты. Аталмыш курсқа қатысқан мұғалімдер ендігі жерде өздері еңбек етіп жүрген мектептің сайтын жасақтап, жеке блогын жасай алады.

1 2

3

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан