ХХІІІ қысқы Олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетумақсатында өткізілген спорттық шара
26.02.2018 18:40

2018 жылдың 23 – 24 ақпан күндері Бөрлі колледжінде шағын футболдан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында облыстық турнир оздырылды. Облысымыздың әр ауданынан келген 18 команда ойыншылары осымен бесінші жыл өткізіліп келе жатқан спорт додасында бақ сынасты. Биылғы жыл сайысының ерекшелігі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті командасының қатысуы. Арнайы орта білім беретін ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық спорттық арнада да көрініс тапты.

БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Сабиров, Бөрлі аудандық маслихатының депутаттары М.Дияров, К.Ермекбаев, Бөрлі ауылдық округінің әкімі Б.Макеев, Ақсай мәдени – бұқаралық ұлттық ат спорт кешенінің басшысы И.Карабаев, Бөрлі аудандық балалар мен жасөспірім спорт мектебінің басшысы К.Шарипов, Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры А.Кабашев, колледж директорлары футбол турнирының салтанатты ашылуынақатысып,қатысушыларға жеңіс тіледі.

Екі күндік футбол ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Бөрлі колледжі І-і орындыиленді, Сырым колледжі ІІ-і орын жәнеРубежка колледжі мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ті ІІІ-і орынды бөліп алды.Сонымен қатар, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Сырым колледжінің қызметкері А. Қыдыралин, «Үздік ойыншы» номинация бойынша Рубежка колледжінің оқытушысы М.Утешев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушысы Б.Алибаев, «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің оқытушысы Қ.Таубаев марапатталды. Спортшыларға БҚО Білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлары тапсырылды.

Аталмыш шара жергілікті «Қарашығанақ» телеарнасында, «Бөрлі жаршысы» газетінде жарықтандырылды.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі