Отбасылық дәстүр дәріптелді
14.03.2018 16:53

Бүгін қаламыздағы Оқушылар сарайында "Өнерлі қыз, өнегелі жеңге" атты облыстық байқау өтуде. "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтіп жатқан байқауды облыстық білім басқармасы, "Дарын" қосымша білім орталығы ұйымдастырды.

Дәстүрге айнала бастаған бұл шара қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайтуды көздейді. Сайыс төрт бөлімнен тұрады. "Өнерлінің қолы алтын" бөлімінде қолөнерге көңіл бөлінді. Байқау қонақтары мен әділ қазылар фойеге қойылған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Көрмеде жеңге мен қайын сіңлісінің қолымен жасалған нәрестелердің титімдей шұлықтары, кеудеше-шалбарлары, малақайлары, үйтұмарлар, құрақ көрпелер мен жастықтар, әшекей бұйымдар, картиналар, тағы басқа дүниелер қойылған. "Бірлігіміз жарасқан" бөлімінде жеңгелер мен қайын сіңлілер өздерін таныстырып өтті. Таныстыру әртүрлі сипатта болды. Біреулер қара өлеңмен, біреулер тәтті әуенмен, біреулер көрініспен көрсетті. "Өнегелі жеңге" бөлімінде жеңгелер ситуациялық сауалдарға жауап берді. Бұл бөлімде жеңгелердің бәрі де күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттардан шығу жолдарын өз ақыл-өрелерімен шеше білді.

"Өнерліге өріс кең" бөлімі жеңге мен қайын сіңлінің бірлескен шығармашылық өнерін паш етті. Бұл орайда Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала ауданы қатысушыларының өнерлері көрерменді бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ біздің өңірімізде "Сәбиге сый" акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл күні Оқушылар сарайының үшінші қабатында "28 ілмек" клубы да дүние есігін ерте ашқан нәрестелерге сыйлық жасау үшін киім-кешектер тоқып жатқан болатын. Соған орай сайыс қатысушылары да перзентханаларға жөнелту үшін шала туылған сәбилерге шұлық, кеудеше, белдемшелер тоқып, акцияға үн қосты.

Байқау соңында Ақжайық ауданынан келген Хабашева Айсұлу мен оның жеңгесі Зухра Қусаинова 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды жаңақалалық Әсел Мырзақұлова мен қайын сіңлісі Құралай Сәрсенова және бөрлілік Меруерт Дүйсенбі мен жеңгесі Гүлшат Төлеубаевалар тең бөлісті. Ал 3-орынға үш жұп - бөкейордалық Жасқайратова Дильназ бен жеңгесі Еділбаева Динара, Орап қаласындағы Сәкен мектебінің атынан қатысқан Сәния Ниетжан мен жеңгесі Айымгүл Таскенова, №44 мектептің атынан қатысқан Әйгерім Асылбекова мен Жадыра Едрисовалар лайық деп танылды.

1 2

3 4

5

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан