Даналық баспалдағы |
Monday, 19 March 2018 19:06 |
Бүгін қаламыздағы №1 мектеп базасында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өңір педагогтерінің озат педагогикалық шығармашылықтары мен кәсіби құзыреттіліктерін көтеру мақсатында облыстық "Даналық баспалдағы" педагогикалық шеберлік мектебінің 1-ші шақырылымының бірінші күні өтті. Екікүндік шараның бүгінгі бөлімінде қатысушылармен танысу бағытында сергіту тренингі өтіп, заманауи сабақтарды ұйымдастыру талаптары, бастауыш сынып мұғалімдерінің құжаттамалары, мұғалімнің эмоционалды ұстамдылығы, сабақ кезіндегі қарым-қатынас орыны, тағы басқа тақырыптарда баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді. Шараның тікелей ұйымдастырушысы, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері Дариға Сағынаеваның айтуынша, осындай теориялық және практикалық жұмыстар ертең жалғасын табатын болады. |