Атырау мемлекеттік университетінің грантын жеңіп алды |
20.03.2018 14:49 |
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден оқушылар олимпиадасының республикалық кезеңі үстіміздегі жылдың 15-20 наурызы аралығында Атырау қаласында өткен болатын. Оған біздің өңірден 32 оқушы қатысып, оның 12-сі жүлделі орындармен оралды. Ал жалпыкомандалық ұпай санымен Батыс Қазақстан облысы 3-ші орынға табан тіреді. Х. Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гранты негізінде білім алу үшін сертификатты информатика пәнінен жүлдегер атанған облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Хабдрашит Ершат жеңіп алды. Дәл осындай сертификатты биология пәнінен жеңімпазымыз, тағы да "Білім-инновация" мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Исатаев Нұрғиса да иеленіп қайтты. |