Есепке жүйрік ұстаздар үзеңгі қағыстырды
28.03.2018 19:22

Бүгін қаламыздағы №42 «Ақ ниет» мектеп гимназиясы базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің арасында республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы өтіп жатыр. Жалпы, бұл регатаның бастауы – алғаш рет біздің Ақ Жайық өңірінен тамыр алғанын айтуға тиіспіз.

Кеше тарихи қаламыз – Оралға табандары тиген олимпиада қатысушылары бүгін білім сайысының ашылу салтанатынан кейін – шешуші кезеңде бас қосып, төрт турға негізделген білім додасында бақ сынауда. Айтулы шараға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының педагогикалық шеберлік зертханасының жетекшісі Айгүл Каркулова қатысып, сөз сөйледі. Айгүл Әкімгерейқызы еліміздің үздік математик-мамандарының басын қосып, осындай білім додасын шебер ұйымдастырып отырған Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасына алғысын жеткізді. Олимпиаданың ашылу салтанатында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова меймандарға «қош келдіңіз» айтып, бұл олимпиаданың мән-маңызын сөз етті. - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлеуметтік салаға, соның ішінде білім саласына ерекше мән беріп келеді. Биылғы Жолдауында да Елбасы жаңа қазіргі қоғам жағдайында адами капиталды дамыту жөнінде көптеген тапсырмалар берді және осы Жолдауда білім берудің барлық сатысында математика және жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Бүгінгі олимпиаданы өткізу мақсаты да осы міндеттермен үндес. Соның ішінде үдемелі-индустриалдық даму кезеңінде математика пәнінің техника тілі ретінде мәртебесін арттыру, сонымен қатар мұғалімдердің шығармашылығын көтеру, әріптестік қарым-қатынас орнату бағытында өткізіліп отыр, - деп атап өтті Зәуре Базарғалиқызы.

«Математикалық регатаның» жабылуы ертең Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өтіп, күрделі есептердің түйінін тауып, жілігін шаққан жеңімпаздар дүйім жұрттың алдында марапатталатын болады.

1 2

3 4

5

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан