Математикалық регата мәреге жетті
29.03.2018 14:07

Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өз мәресіне жетті. Білім сайысының жабылу салтанаты облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының мамандары даярлаған «Математикалық регата» күнделігімен шымылдығын түрді.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов сөйлеп, ғылымдардың атасы – математиканың жілігін шаққан рухани табыс иегерлерін құттықтады. - Математикалық регата өткізу идеясы Жайық өңірінен бастау алып, республикалық деңгейде министрлік тарапынан қолдау тапты. Елбасымыз тәуелсіздік алғалы бері білім саласын дамытуға баса назар аударып келеді. Бұл бекер емес. Өйткені бүкіл мемлекеттердің экономикалық дамуы сапалы адам капиталына байланысты. Ал адам капиталының негізгі көрсеткіші – бұл, әрине, денсаулық, мәдениет десек те, білім қашан да бірінші орында тұрады. Біздің мемлекетіміз білім саласынан қаражат үнемдеген емес. Бұл сөзімізге облыс бюджетінің 46 пайызының осы білім саласына жұмсалып отырғаны айғақ, - деп атап өтті Ғабидолла Абдоллаұлы. Бұдан соң ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық инновациялық зертхана басшысы Айгүл Каркулова сөз алып, білім додасының ұйымдастырылуына, оған қатысушылардың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Сондай-ақ Айгүл Әкімгерейқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш. Қирабаеваның Құрмет грамотасын өңірдің білім беру саласына өз үлестерін қосып жүрген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмароваға, сала ардагері , сараптау комиссиясының төрағасы Өтебай Құспановқа, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары,сараптау комиссиясының мүшесі Елдос Сафуллинге табыс етті.

Аталмыш шарада сөз алған білім саласының ардагері Василий Баев бұл өмірде саудаға түспейтін нәрсе – білім мен денсаулық екенін баса айтып, ұстаздарды ізденіске, білімнің сарқылмайтын кенін талмай шарлауға шақырды. Сонымен, математикалық регата жеңімпаздарын марапаттайтын сәт те келіп жетті. «Білімге құштарлық» номинациясы Астана қаласының физика-математика мектебінің, Қарағанды және Маңғыстау аймақтары командаларына табысталды. 3-ші дәрежелі дипломды Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының командалары місе тұтса, екінші дәрежелі дипломды Алматы қаласының республикалық физика-математика мектебі, сондай-ақ Жамбыл облысы мен Атырау өңірінен келген командалар бөліске салды. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының командалары 1-ші дәрежелі дипломға қатар қол созып, Асан Тайманов секілді ұлы математикті талбесігінде тербеткен батыстың абыройын бір көтеріп тастады. Регата қонақтары салтанатты шараның шырайын ашқан Ақ Жайық өрендерінің сан қырлы өнерлеріне сүйсініп тарасқанын да реті келгенде айтып өтелік. Біздің балғындар шәкірт жетістігіне шын қуанатын асыл жандардың жүректеріне әсем әуен, тамаша билерімен жылылық ұялатты.

1

2

3

4

5

7

9

9

10

11

12

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан