Білім бәйгесінен олжалы оралды
29.03.2018 16:01

Қостанай қаласында наурыздың 25-30-ы аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиада өтті. Бұл білім сайысынан біздің шәкірттеріміз екі І орын, бес ІІ орын, алты ІІІ орынды, жалпыкомандалық есепте ІІ орынды облысымыздың қоржынына салып, олжалы оралды.

Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Альбина Закина Қазақстан тарихы пәнінен, Зеленов ауданы Дариян орта мектебінің 10-сынып оқушысы Данияра Ғалиева орыс тілі пәнінен жүлделі І орынды жеңіп алды. Сырым батырдың қаны тамған топырақтың ұл-қыздары бұл сайыста Ақ Жайықтың намысын қолдан бермеді. Осы ауданның Жырақұдық жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Орынбек Нұрпейісов те Қазақстан тарихы пәнінен өз білімін сарапқа салып, ІІІ орыннан көрінді. Үш бірдей жеңімпазымыз қаладағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің шәкірттері екенін мақтанышпен айтуымыз керек. Олар - 11-сынып оқушысы Томирис Айшенова орыс тілінен ІІ орын, 11-сынып оқушысы Диана Айболатова «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ІІ орын, 10-сынып оқушысы Жансая Алиева қазақ тілі мен әдебиетінен ІІІ орын алып, өңірдің білім саласының мәртебесін биіктете түсті. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының шәкірттері де облыс және республика көлемінде өткізіліп жүрген талай білім сайыстарында жоғары көрсеткіштермен ерекшеленіп жүргенін білеміз. Бұл жолы да аталмыш білім ордасының оқушылары Адам Петри (11-сынып) қазақ тілінен, Есбол Мұратов (11-сынып) Қазақстан тарихынан ІІ жүлделі орындарға табан тіреп, абыройымызды асқақтатты. Айта кету керек, аталмыш білім додасында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Данияр Арыстанов та орыс тілі пәнінен 1-орынды иеленді.

Бұл жетістіктер, сөз жоқ, білім бәйгелеріне, дүбірлі жарыстарға шәкірттерін баулып, қанаттандырған нағыз ұстаздардың еңбегі. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» екенін осындайда ғана бағалап, мойындап жатамыз. Шын мәнінде, ұстаз еңбегіне баға жетпейді, ол – өлшеусіз! Бала жанын біліммен нәрлендіріп, оны шыбық кезінен баптайтын бағбандарымызды қадірлеп, ұстаз мәртебесін көтеруге қоғам болып атсалысайық.

1

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан