kaz


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім - білім беру жүйесінің алғашқы кезеңі ретінде бала тұлғасының әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуының маңызды баспалдағы болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 506 бірлікті құраса, оның 211-і балабақша, 60 «мектеп-балабақша» кешені және 235-і шағын орталық. Мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мыңнан астам бала қамтылған.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды  мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 79% -ды құрайды.

2019 жылдың 1 қазанына 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту көрсеткіші 100% -ды құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі мен контингенті (01.10.2019 ж.)

Аудан атауы

МДҰ саны

Ондағы 
балалар саны

Бала- 
бақшалар
саны

«Мектеп 
бала-бақша» 
кешені

Шағын 
орталықтар саны

1-6 жастағы 
балаларды 
МДҰ 
қамту 
(%)

3-6 жастағы 
балаларды 
МДҰ 
қамту 
(%)

Ақжайық

46

1488

12

3

31

84,8

100

Бәйтерек

51

1774

13

13

25

86,7

100

Бөрлі

27

3157

13

14

0

84,3

100

Бөкейордасы

16

716

4

3

9

80,7

100

Жаңақала

27

1165

7

1

19

80,9

100

Жәнібек

21

791

9

2

10

86,5

100

Сырым

32

740

2

9

21

71,9

100

Казталов

47

1644

16

0

31

87,5

100

Қаратөбе

25

585

8

4

13

69,0

100

Тасқала

20

681

5

7

8

80,4

100

Теректі

40

1590

15

0

25

82,7

100

Шыңғырлау

19

601

8

3

8

80,2

100

Орал қаласы

136

15154

100

1

35

75,5

100

Барлығы:

507

30086

212

60

235

79,0

100

Жалпы орта білім

2019-2020 оқу жылының басында облыста оқушылар контингенті 106525 құрайтын 379мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер, соның ішінде 663 оқушыны құрайтын 68 бастауыш мектептер, 3505 оқушыны құрайтын 69 негізгі мектептер және 102332 оқушыны қамтыған 242 орта мектептер жұмыс жасайды.

Тұрғындардың көшіп қонуы салдарынан және оқушылар контингентінің жоқтығынан 3 жалпы білім беретін мектеп жабылды: Ақжайық ауданы Коловертной БМ, Жәнібек ауданы Еңбекші БМ, Казталов ауданы Бозоба БМ.

Оқушылар санының азаюына байланысты 1 орта мектеп негізгі мектеп болып қайта ұйымдастырылды: Сырым ауданы Талдыбұлақ НМ, 3 негізгі мектеп бастауыш мектеп болып қайта құрылды,  Сырым ауданы Қазақстан БМ, Тасқала ауданы Ынтымақ БМ, Теректі ауданы Таран БМ.

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 259-ы немесе 68,3 %-ы қазақ тілінде оқытады, ондағы оқушылар саны 72126 оқушы.

Кешкі мектептер саны 3 құрады, олардағы оқушы саны – 257 (Орал қаласында - 1, Ақсай қаласында - 1, Бәйтерек ауданында - 1 мектеп).

Мемлекеттік емес күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны 3 бірлікті құрайды, олардағы оқушы саны - 260.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 223-і немесе  жалпы санының 58,8% шағын жинақталған мектептер.

ШЖМ-дегі проблемаларды шешу және білім сапасын көтеру үшін облыс бойынша 17 тірек мектеп (Ақжайық - 2, Бөкейордасы - 1, Бөрлі - 1, Жаңақала - 1, Жәнібек - 1, Зеленов - 1, Казталов –2, Қаратөбе – 1, Сырым - 2, Тасқала - 1, Теректі – 2, Шыңғырлау - 2) аудандарында жұмыс істеуде.

2019 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындысы туралы

ОЖСБ-2019 ресіміне 3969 оқушы қатысты. 4-сыныптағы ОЖСБ математика және әдебиеттік оқу бойынша өткізілді.ОЖСБ орташа балы – 17,35 балды құрады, 27 мектептен барлығы 1940 оқушы қатысты, олардың арасында 980-і оқуы қазақ тіліндегі сыныптардан, 960 оқуы орыс тіліндегі сыныптардан.

9-сыныптардағы ОЖСБ-ға 30 мектептен 1508 оқушы қатысты, 798 оқуы қазақ тіліндегі сыныптардан, 710 оқуы орыс тіліндегі сыныптардан, орташа балы 33,01 балды құрады.  ОЖСБ екі пән бойынша өткізілді: қазақ тілі (міндетті) және математика, химия, физика, география, биология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы.

11-сынып бойынша ОЖСБ-ға 22 мектептен 521 оқушы қатысты, 372 оқуы қазақ тіліндегі сыныптардан  және 149 оқуы орыс тіліндегі сыныптардан .  11-сыныптарда тестілеу 3 пән бойынша жүргізілді: қазақ тілі, физика,  Қазақстан тарихы.ОЖСБ орташа балы 50,68балды құрады.

Оқумен қамту.

Аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің 10.12.2019 ж. деректері бойынша 10 күннен астам сабаққа қатыспай жүрген балалар саны – 23, соның ішінде оқығысы келмейтін балалар – 10 ,                     6-і іздестірілуде, 7-і миграция.

Оқушылардың күнделікті тасымалы.

2019-2020 оқу жылында сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін 90 тиісті мектептері жоқ елді-мекендерден 58 жалпы білім беретін мектептерге 4197 (100%) оқушы күнделікті тасымалданады.  Оқушыларды тасымалдауға арналған автокөлік саны 68 бірлікті құрады, олардың 54 немесе 79,4% мектептерге тиесілі. Арнайы автокөлікке қажеттілік 17 бірлікті құрайды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі