Білім ұясы пайдалануға берілді
02.04.2018 16:16

Бүгін - Деркөл тұрғындары үшін есте қалардық күн. Көкжиек шағын ауданынан көптен күткен 600 орындық жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Білім ұясының ашылу салтанатына жиылған ата-аналар, ұстаздар мен шәкірттер, кент ардагерлері алдында облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтау сөз сөйледі.

- Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған бұл мектептің ашылуын көптен күткеніңіз рас. Биыл ел игілігіне өтіп отырған бұл - екінші мектеп. Тек облыс орталығында емес, алдағы уақытта Бөкей ордасы, Зеленов, Теректі, Ақжайық аудандарында білім ұялары ашылатын болады. Мұның бәрі - Елбасының білімге деген қамқорлығы. Тек біздің өңірді айтар болсақ, бюджетіміз соңғы үш жылда 20 млрд.қа көбейді. 2015 жылы – 47 млрд., 2016 жылы - 57 млрд., 2017 жылы 65 млрд.-пен жылды тәмамдадық. Білім саласында биылғы жылы да ауқымды жоспарларымыз бар. Мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әрине, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін мұғалімдеріміздің білімі, біліктілігі жоғары болуы керек. Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес білім беру мазмұны жаңа форматқа көшкен мұғалімдердің жалақысы көбейетін болады. Оған республикадан тиісті қаражат күтіп отырмыз, - деді Алтай Сейдірұлы.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова Деркөл ауылында орналасқан №12 мектептің бұған дейін үш ауысымда оқытып келгенін жеткізді. Ал есігін бүгін айқара ашқан жаңа мектепке ұстаздарымен бірге 400-ге жуық бала көшіріліп отыр. - Ұтарымыз, №12 мектептегі үш ауысымдық оқыту жойылады. Елдімекенге халықтың көп қоныстануына байланысты №48-ші мектеп өз қызметін толықтай атқаратын болады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жерде мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – өзекті мәселенің бірі. Соған орай білім үйінен жүз орындық шағын орталық ұйымдастырылады, - деді Жансұлу Менешқызы.
Мектептің басшысы Артур Мұсағалиевтің айтуынша, жеті мультимедиялық, 6 информатика, екі химия, екі физика кабинеттері бар. Барлығы да қазіргі заманғы үлгіде, толыққанды білім беруге сақадай-сай зертханалармен жабдықталған. Екі жүз балаға арналған мәжіліс залы, үлкен және кіші жастағы балаларға арналған екі спорт залы мен 128 орындық асхана оқушыларды күтіп, жұтынып тұр.
Осындай зәулім әрі сәулетті мектептің ашылғанына тұрғындар бек разы. №12 мектепке қатынап оқып келген немересі Аруна үшін қатты қуанған кент тұрғыны, ардагер-ұстаз Ербол Қабиев: - Немерем №12 мектептің 4-сыныбында оқитын. Үйден қашық болған соң, барып-келу бүлдіршін оқушыға қиынға соғатынын білесіз. Біраз қиналдық. Енді, міне, сабағын жаңа мектепте жалғастыратын болады. Бүгін мынадай оқу ордасын көріп, қуанышымыз қойынымызға сыймай тұр. Осы күнге қолымызды жеткізген Елбасыға, облыс әкімшілігіне зор алғысымды білдіремін. Жолдарымызды тегістеп, асфальттап берді. Қазір біз тұратын аумаққа автобустар кіреді. Бұл біз үшін өте қуанарлық жағдай. Жаңа мектептің іші-сырты мұнтаздай таза, көңілімізден шықты, - деп ағынан жарылды.
Ашылу салтанатында шағын аудан тұрғыны, ардагер-ұстаз Балым Ахметжан, мектеп құрылысын жүргізген мердігер «Алтим» ЖШС бас директоры Серік Татжекеновтер тұрғындар қуанышына ортақтасып, білім ошағының лентасын қию құрметіне ие болды. Бұдан соң облыс, қала басшылары мен жұртшылық жаңа мектептің ішін аралап көрді.

1

2

3

44

5

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан