Облыстық «Жас басшылар мектебі» жұмысы туралы |
2018 жылдың 9-10 сәуір аралығында облыстық «Жас басшылар мектебінің» кезекті отырысы өтті. Отырысқа еңбек өтілі директор қызметінде бірнеше айдан 3 жылға дейінгі облыстың жалпы білім беретін мектеп басшылары қатысты. «Мектеп» мақсаты – білім беруді ұйымдастырудың жедел және стратегиялық басқарудың прогрессивті құралдарын меңгерген кәсіби басшыларды дайындау. «Сапаны басқару» («Мектепішілік бақылау: түрлері, формалары, әдістері, нысандары», «Жаңартылған білім беру мазмұны: екінші оқу жылы») және «Ақпаратты басқару»» («Мектептің нормативті-құқықтық құжаттары», «Білім беру ұйымдары қызметтерінің құжаттарын жүргізу ережелері») модульдерінің мәселелері талқыланып, сабақтарға қатысып, талдау жүргізілді. Орал қаласының директорлары: Н.Н.Даулеткалиева (№1 ЖОББМ), Л.Ю.Юшина (№3 ЖОББМ), М.У.Кабакова (№16 ЖОББМ) өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушылар қаралған тақырыптардың ұсынылған теориясы және тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті. |