Жүлдегерлермен жүздесті
17.04.2018 20:59

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Оқушылар сарайында республикалық олимпиада жүлдегерлерімен және оларды білім сайыстарына баулыған ұстаздарымен кездесті.

Білім додаларында жұлдызы жанған жеңімпаз оқушылардың басын қосқан жиынды облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы ашып, жаңа дәуірдің білімді жасына қандай қасиеттер тән екенін, соған лайық болу керектігін айтып өтті. Ғабидолла Абдоллаұлы білім жампоздарын жүлделерімен құттықтап, шәкірттерін шыңға жетелеген ұлағат иелеріне ізет білдірді. - Өз біліміңді, талант-дарыныңды, уақытыңды дұрыс арнаға, мақсатты арнаға жұмсай білу керек. Қашан да білім алуға күш салып, оған шектеу қоймау қажет. Мемлекет бұл орайда барлық мүмкіндікті жасап отыр. Соны дұрыс пайдалана білген жөн. Сонда ертең еліміздің еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие маман боласыздар. Сіз секілді интеллектуалды жастар - еліміздің болашағы, - деген Ғабидолла Абдоллаұлы xалықаралық деңгейде, шет елде білім алудың, үш тілді білудің артықшылықтарын жеке тәжірибесінен баяндап, Елбасы Жолдауларының маңызына, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының көздеген мұратына жан-жақты тоқталды. Бұдан соң Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. Құсайынова, Зеленов ауданы Дариян орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С. Жұмағазиева және бірқатар ұстаздар мен шәкірттер еңбектерін бағалап, кездесуге уақыт бөлген өңір басшылығына, білімді жастардың болашағын жарқын еткен Елбасымызға зор алғыстарын жеткізді. Айта кетсек, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының республикалық кезеңі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден ағымдағы жылдың 15-20 наурызы аралығында Атырау қаласында, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткен болатын. Облыс бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден 33 оқушы қатысып, 13-і жүлделі орындарды иеленді. Екі оқушы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің грант иегері атанды. Ал қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 22 оқушы қатысып, оның 13-і жеңімпаздар қатарына табан тіреді. Республикалық олимпиада қорытындысы негізінде біздің облыс командасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 3-ші орынды, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2-ші орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиада командасы – 2018» атанғаны - мақтануға тұрарлық жәйт.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың атынан оқушыларға естелік сыйлыққа кітаптар, ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.

1 2

3 4

5 6

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан