Сессия сәтті өтті
23.04.2018 18:22

Бүгін "Нұр Отанның" үлкен залында облыстық білім басқармасының жаңа жобасы - "БатысБілімTalks” білім беру лекторийінің 1-ші сессиясы "Цифрландыру: баршаға қолжетімді сапалы білім" тақырыбымен өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, "BilimmediaGroup” ЖШС директоры Рауан Кенжеxанұлы, "Knowledge Egineering” ЖШС директоры Нартай Әшім қатысты. Білім қызметкерлерінің басын біріктірген алқалы жиынды облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жүргізіп отырды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов ұстаздар қауымы қолдау білдіріп, құлшыныс танытқанда ғана білім саласын цифрландыруға қатысты іс-шаралардың жемісін беретінін айтты. – Бүгін, міне, сіздермен Елбасы қабылдаған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында кездесудің сәті түсіп отыр. Себебі білім беру саласын цифрландыру арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізетініміз сөзсіз. Елбасы биылғы Жолдауында да, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да білімнің ерекше салтанат құруын айрықша атап өтті. Бүгінгі басқосудағы негізгі мақсатымыз – заманауи талаптарға мұғалімдерді дайындау, инфрақұрылымды жетілдіру. Қазіргі уақытта облысымызда 152 елдімекен интернетке қосылған. Шалғайдағы аз жинақты мектептеріміз қаладағы білім ұяларынан кем болмауы үшін биыл 220 білім ошағына «BilimBook» электронды жүйесін жеткізуге қаражат бөлдік. 1 қыркүйектен бастап олар жаңа құрылғылармен, сол арқылы онлайн-контентпен қамтамасыз етілетін болады. Аудан орталықтары «Bilimland» платформасына қосылды. Біздің оқушыларымыз электронды бағдарламаларды, жаңа технологияларды толық қолданып, меңгеретін болады, - деді Алтай Сейдірұлы өз сөзінде.
Сессия барысында "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев сөз алып, білім беру жүйесін цифрландыру аясында интернетке қолжетімділікті жақсарту бойынша алынатын шараларды баяндап өтті. Айта кету керек жиынға қатысушылар залда отырып, смартфондар арқылы спикерларға сауалдарын жолдау мүмкіндігіне ие болды. Жиналғандар алдында "BilimmediaGroup” ЖШС директоры, «Ұлттық аударма бюросы» атқарушы директоры Рауан Кенжеxанұлы "Білім берудегі заманауи трендтер" тақырыбында баяндама жасады.
- Елбасымыздың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы елімізде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның 6 негізгі бағыты бар. Соның бір бағыты -«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» деп аталады. Осы жобаны іске асыру үшін Елбасының арнайы тапсырмасымен «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласында көрініс тапқан «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын мекеме құрылды. Оның негізгі жұмысы – дүниедегі ең озық оқу орындарында қолданылатын іріктелген үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударып, біздің жоғары оқу орындарына жеткізу. Негізгі баяндамамды осы жаңалықтан бастағым келіп тұр, - дей келіп Рауан Кенжеханұлы өткен аптада Тұңғыш Президент кітапханасында осы 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылған 18 кітабы таныстырылғанын жеткізді. Және сессия барысында осы 18 кітаптың мәнін, мазмұнын ашып түсіндіретін бейнеролик көрсетілді. - Мемлекет басшысы білім саласының мазмұн тұрғысынан жаңаруына, ақпараттандыру арқылы сапаны мейлінше жоғары деңгейге көтеру және сапалы білімді ең шалғай ауылға дейін сол күйінде жеткізуге жағдай жасауды талап етіп отыр. Жаңа көрсеткен 18 жаңа оқулық негізінде онлайн-курстар жасалады. Мұның барлығын «Қазақстанның ашық университеті» – OpenU сайтына орналастырамыз, - деген Рауан Кенжеханұлы негізгі баяндамаға көшті. Спикер әуелі «Bilimland» білім платформасына тоқталды. Бұл – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі анимациялар, видеофильмдер, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, ойындар мен тест тапсырмалары негізінде білім беретін бірегей платформа. Оған ҰБТ мен ТКТ-ға дайындалуға арналған iTest.kz кешені, бастауыш мектептің сегіз пәні бойынша видео-анимациялық сабақтардан тұратын Mektep.kz платформасы, үздік танымдық фильмдердің қазақ және орыс тілдеріндегі бірегей топтамасы «Twig-Bilim.kz» кіреді. Баяндамашының айтуынша, «Twig-Bilim.kz» ресурсында үш тілде бейнематериалдар орналастырылған, дайын сабақ жоспарлары бар. Бір қынжылтатыны - сабақтарды осы күйінде алып, қолданып жатқан ұстаздар әлі көп емес. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған үздік платформа «Academia.kz» ресурсының мүмкіндіктерін де спикер ашып көрсетті. Оқыту әдістерін жетілдіре түсетін жұмыстар, үздік сабақ жоспарлары, дәрістер, конспектілерді ізденген ұстаз осы жерден таба алады. Бір сөзбен айтқанда оқытуды тиімді жүргізуге арналған материалдар осы жерде топтастырылған. Бұдан соң «BilimBook» құрылғысы таныстырылды. - «BilimBook» жобасының арқасында біз шалғай ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептердегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеру міндетін қойып отырмыз. Өркениетті елдерде мектеп неғұрлым шағын болса, білім сапасы соғұрлым жоғары. Біздің жағдайда, өкінішке орай, олай болмай отыр. Бірақ осындай жаңа әдістер, жаңа технологиялар арқылы біз осыған қол жеткізуге мүмкіндік аламыз деп ойлаймын. Енді тура сол контентті балалар өз компьютерлерінен үйде, басқа жерде ашып көруге мүмкіндік алады, - деген Рауан Кенжеханұлы тағы бір жаңа жобаға қарай ойысты. - Дүние жүзіндегі өмір дағдыларын, балалардың денсаулығын, соның ішінде психикалық саулығын қамтамасыз ететін бағдарламаларды қарап, Еуропадағы осы бағыттағы жұмыс істейтін ең ілгері ұйымдармен әріптестік орнатып, ЮНИСЕФ-пен бірге БҰҰ Балаларды қорғау көмегімен жаңа бағдарлама жасап шықтық. Бағдарлама «Балалардың денсаулығын қалыптастыру, өмір дағдыларын қамтамасыз ету және суицидтің алдын алу» деп аталады. «Жаңартылған білім мазмұнына көп көңіл бөліп, тәрбие жағын ақсатып алып жүрмейік» деген спикер жасөспірімдер суицидінің алдын алуға бағытталған шараларды да естен шығарып алмау керектігін сөз етті. Бұдан соң Рауан Кенжеханұлы залдан келіп түскен сауалдарға жауап берді.
Ашық диалог алаңына айналған сессия жұмысы білім саласы қызметкерлерін бей-жай қалдырмады. Ұстаздар қауымының алған әсерлері ұшан-теңіз. Бұл орайда қаладағы №17 мектептің директоры Тамара Рудич "БатысБілімTalks” білім беру лекторийінің – сәтті жоба екеніне шүбә келтірмейтінін, білім саласындағы заманауи трендтермен танысып отыру – әрбір мектеп басшысының ғана емес, қарапайым ұстаздың да міндеті екенін баса айтты.
"БатысБілімTalks” білім беру лекторийінің келесі сессиясының спикері – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары, Кэмбридж университетінің түлегі Нәзипа Аюбаева болмақ.

1

2

3


 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан