Түлектер кеші бір үлгіде өтеді!
24.04.2018 16:09

«Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» деген әнді жүрекпен шырқаған түлектер үшін білімнің түпсіз теңізіне шомылдырған ұстаздарымен, алтын ұясымен қоштасу – аса маңызды сәт. Ендеше, мектеп бітіру кеші де – ең жарқын, көңіл толқытарлық, ұмытылмас мереке.

Ал сол думанды кешті ойдағыдай өткізу шәкірттерін он бір жыл аялаған мектебі үшін жауапты шаруа болмақ. «Облыс мектептерінде жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімін және мектеп бітіру кештерін өткізу туралы» облыстық білім басқармасы басшысының үстіміздегі жылдың 9 сәуіріндегі №284 бұйрығына сәйкес өңіріміздің барлық білім ұяларында мектеп бітіру кештері мен аттестаттарды табыстау рәсімдерін Астананың 20 жылдығымен орайластырып, «Ел жүрегі – Астана» тақырыбымен ағымдағы жылдың 15 маусымында өз мектептерінде өткізу жоспарлануда. Аталмыш кештерді көңіл көтеретін ойын-сауық орындарында ұйымдастыруға және мектеп әкімшілігі мен педагог қызметкерлерге сыйлық алу үшін оқушылар мен олардың ата-аналарынан ақша жинауға қатаң тыйым салынып отыр! Бұл туралы бізге білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева мәлімдеді.

Биылдан бастап мектеп бітіру кештерін өзіндік үлгіде өткізуге мән берілуде. Сол үшін 10 маусымға дейін мектеп түлектерімен, ата-аналармен және мұғалімдермен мектеп бітіру кештері кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі бойынша нұсқаулық өткізілуі керек. Кеш барысында түрлі пиротехникаларды пайдалануға, түлектердің ішімдіктерді қабылдауына мүлде болмайды. Сол себепті қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, мұғалімдер мен ата-аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет өкілдерімен кезекшілік ұйымдастырылғаны дұрыс. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім беру бөлімдеріне және облыстық мектептерге мектеп бітіру кештерін өткізуге жауапты штабтар құру тапсырылады.

- Тағы бір назар аударатын жәйт - облыстың білім беру ұйымдарында негізсіз ақша жинауға тыйым салуда облыстық білім басқармасы басшысының «Облыстың білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу туралы» №281 бұйрығы басшылыққа алынатын болады. Оқушылардан, ата-аналардан және мектеп қызметкерлерінен мектептің жөндеу жұмыстарына, оқулықтар сатып алуға, мұғалімдер мен мектеп басшыларына сыйлық жасауға, мектепке қабылдағанда және мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстырғанда ақшалай қаражат жинауға тыйым салынады. Сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен педагогикалық қызметкерлердің мемлекеттік оқу орындарында қайырымдылық және демеушілік қорларының, қоғамдық бірлестіктің қызметімен айналысуына жол берілмейді, - дейді Светлана Ибрагимқызы. Негізі, білім беру мекемелерінде ата-аналармен демеушілік көрсетуге міндетті еместігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілуі қажет. Аудандық, қалалық білім бөлімдері өздеріне бағынысты білім ошақтарының басшыларына ақша жинау фактісі бойынша дербес жауапкершілік жүктелетінін жеткізуі тиіс. Осы бұйрықты бұзған басшыларға қолданылатын шара да қатаң, олар тіпті қызметімен қош айтысуы мүмкін.

1

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан