«Мектеп жобасынан - білімнің шыңына»
02.05.2018 12:16

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде РФ Самара қаласының №17 түзету көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының базасында мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың «Мектеп жобасынан - білімнің шыңына» ашық халықаралық ғылыми-сарамандық конференциясы өткен болатын. Конференция жұмысы 6 секциядан тұрды.

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары конференцияға өз ғылыми жобаларын ұсынып, мақтау қағаздары мен жүлделі орындарға ие болды. 
11-сынып оқушысы Е.Дәрібаев «Ұлттық аңшылық тарихынан. Құсбегілік.» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі А.Батырова), 10-сынып оқушысы Ш.Ибраев «Ұшақтар және олардың апатқа ұшырау себептері» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Н.Жұмагелдина), 9-сынып оқушысы Н.Калинушкина «Қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрлері» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі тәрбиеші Н.Нефедова), 8-сынып оқушысы А.Қадырбекова «Қазақ және орыс халқының құда түсу рәсімдері. Ерекшеліктері мен ұқсастықтары» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Тасболатова) жүлделі I орынды иеленді.
10-сынып оқушысы Ж.Ли және 9-сынып оқушысы М.Лесунович «Тұмар: тарихы мен мағынасы» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Тасболатова, тәрбиеші А.Балажан), 10-сынып оқушысы Э.Ищанов «Кубик Рубика» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі математика пәнінің мұғалімі А.Сұлтанова), 5-сынып оқушысы М.Нұржан «Әдепті сөздердің адам көңіліне әсері» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Тюлебаева), 4-сынып оқушылары А.Амангелді, Ф.Утаров «Ұлттық нақыштағы оюлардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі Р.Мұстафина), 2-сынып оқушылары А.Амир, С.Севрюгин «Микробтар әлеміне саяхаты» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі: А.Шәмшиева) 2-олрынға табан тіреді.
III орынды 7-сынып оқушысы Н.Бөкенбаев «Орал қаласының әдебиетке бай жерлері» тақырыбындағы жобасы бойынша (жетекшісі: орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Тюлебаева) місе тұтты. Сонымен қатар, конференцияға Ресей Федерациясының сегіз мектебінен: Самара облысы мен Самара, Тольятти, Кенель және Алексеевка қалаларының өкілдері қатысты. Конференция дамуында ерекшелігі бар балаларды әлеуметтендіру бағытындағы мол мағынасы бар, ұйымдастырушылық шеберлігімен жоғары деңгейде өтті.

1

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі