«Отан қорғаушы – 2018» әскери-патриоттық ойындары
03.05.2018 16:51

Бүгін Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде облыстық «Отан қорғаушы – 2018» әскери-патриоттық ойындары өтуде. Аудандар мен қаламыздағы 31 колледждің басын қосқан шараның мақсаты - студенттер арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қарулы күштерге, құқық қорғау органдарына жастардың қызығушылығын ояту.

Шараның ашылу салтанатында облыстық кәсіптік білім және кадрлар даярлау бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова, БҚО Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы Олег Пимонов сөз алып, отансүйгіш жас ұландарға сәттілік тіледі. Шараның ережесімен БҚИК-тің АӘД пәнінің оқытушысы Бисембай Жаңатаров таныстырып өтті. Бисембай Хамидоллаұлының айтуынша, қатысушылар белтемірге тартылу, пневматикалық винтовкадан ату, толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастыру және бөлшектеу («АК-74»), дартс, граната лақтыру, саптық дайындық және арқан тарту секілді кезеңдерде топтық сайысқа түседі. Салтанатты жабылудан кейін барлық командалар саптық шеруде қатар түзеді. Саптық шеруде әр команданың киім киісі, жүріс-тұрысы, сапты басқарудағы командирлік дағдылар, тіпті ән шырқауларына дейін қазылар алқасының назарында болды. Содан соң командалар үш нүктеге бөлініп, ережеге сай әскери-патриоттық ойындардың талаптарын орындауға кірісіп кетті. 
Ұлттық әскеріміздің даңқы мен айбынын асқақтатуға бағытталған, биыл екінші мәрте өткізіліп отырған бұл шара жас сарбаздарымызды төзімділікке, мықтылыққа, әскери бейімділікке, командалық рухқа тәрбиелейді. Жарыс нәтижесінде І орынды – Батыс Қазақстан индустриалды колледжі иемденсе, ІІ орынды – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Құрманғазы атындағы саз колледжі, ІІІ орынды – Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Шыңғырлау колледждері бөліске салды.

 

1

2

3


 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан