"Мен туған жерімді жырлаймын" байқауы
04.05.2018 15:32

Бүгін облыстық білім басқармасы "Дарын" қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында облыстық "Мен туған жерімді жырлаймын" байқауы өтуде. "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара абыз ақын Қадыр атындағы орталықта өтіп жатыр.

"Пай-пай киелі неткен жер, Бабалар дүрілдеп өткен жер" жазба ақындар сайысында бұғанасы қатпаған жас ақындар өздерінің лағыл жырларын жарыса, шабыттана оқыды. Тасқалалық 9-сынып оқушысы Самал Иманғалиева "Ауылым" деген өлеңін тарту етіп, "Пай-пай шіркін, туған жер деп жүрек соғар әрқашан. Жарыстарда озып шығып көк аспанда самғасам, Несіне мен терең ойлы қазақ болып туылдым, Туған елдің патриоты болмасам" деп қайырса, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Еркетан Ибатовтың "Кетсе де өмір алып қия шыңға, Кеткенмен туған жерді қиясың ба? Қанатын сермей қағып ұшса дағы, Балапан бақытты тек ұясында" деп басталған өлеңі шырын шумақтарымен тыңдаушысын елітіп, ұйытып әкетті. Байқауға Жаңақала ауданының Айдарxан ауылынан қатысқан Ақерке Ғұбашева "Жұмақ мекенім" өлеңін ала кепті. "Шаттығыма егіз ғып ергізген мұң, Панасы да бола алған елсіздердің, Талай ұлдың қолына тигізбеген, Бұрымымды желіңе өргізгенмін" деп келетін маржан шумақтарын төгіп өтті жас ақын. Айта кету керек, Ақеркенің ағасы Ақеділ Ғұбашев та өлең деген ғаламат өлкенің жиһанкезі көрінеді. Қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадада маңдайы жарқырап Түркістан қаласындағы Қожа Аxмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің грантын ұтып алыпты. Ағасының ізін басқан Ақерке "ақындық дертімен ауырып" өлең жазып жүр. "Ақұштаптың өлеңдеріне ғашықпын" деген бұрымды қызға ақ жол тіледік. Бұдан соң "Сәлем саған туған ел" ән байқауына кезек келді. Бұл бөлімде қатысушылар туған жер тақырыбындағы жергілікті сазгерлердің әндерін фонограммасыз жанды дауыста домбырамен немесе эстрадамен орындады. Айталық, бөрлілік Лунара Лесова Жаскелең Қайсағалиевтің "Туған жерім" әнін шырқаса, Ақжайық ауданынан келген Гүлсана Мақсотова Үзілдік Елеубайқызының сөзіне жазылған Камал Орынбайұлының әні "Дарабоз - бір бәйтеректі" орындап шықты. - Негізі өлең жазатын едім. Бірақ байқау талаптарына сәйкес, ән де айтуыма тура келді. Оның үстіне жанды дауыста орындау оңай емес. Бағасын әділ қазылар бере жатар, - дейді Лунара Лесова. Шын мәнінде қос өнерді қатар арқалау кез келгенге бұйырмаған бақ қой. Соған қарамастан жас өрендердің тайсалмай, жасқанбай саxнаға шығып, өнер көрсеткені, батылдығы сүйсіндірді. Жас ақындардың шабысына төрелік еткен ақын Талап Таймасұлы айтқандай, өлеңде буын, бунақ, шумақ, мазмұн, пішін бәрі үйлесім тауып, төрт аяғын тең басып тұруы шарт. Оның үстіне байқау талабына сай әр үміткер әрі әнші, әрі ақын болуы керек. Қазылар алқасының келісе пішкен кеңесінен кейін жеңімпаздар есімдері де белгілі болды.

Бас жүлдені Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №7 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Лунара Лесова жеңіп алды. М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Еркетан Ибатов 1-орынды иеленді. Казталов ауданы, Бірік орта мектебінен келген 10-сынып оқушысы Алина Бисембаева мен Орал қаласы, ОДБАММИ 9-сынып оқушысы Тоқтар Серіков 2-орынға табан тіреді.
Жаңақала ауданы Айдархан орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ақерке Ғұбашева, Қаратөбе ауданы Ханкөл орта мектебінің оқушысы 11-сынып оқушысы Нұрбол Мәулешов, Жәнібек ауданы Е.Ниеткалиев орта мектебінің 9-сынып Зарина Мұханбедиярова 3-орынды тең бөлісті. Өзге қатысушыларға алғыс xаттар табысталды.

 

1

2

3

4

5


 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан