М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының әртістерімен кездесу
11.05.2018 17:35

Біз бүгін жадымызда ұзақ сақталатын, жарқын да жылы жүздесудің куәсі болдық. Ақ Жайыққа ат басын тіреп, ел-жұртымызды өз қойылымдарымен қуантып жатқан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының орта буын әртістері М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатына да мойын бұрды.

Қонақтарға білім ұясының басшысы Майра Есенғазиева «қош келдіңіз» айтып, бүгінде 251 бала оқып, тәрбиеленіп жатқан білім ошағынан көптеген дарынды жастардың өсіп-өніп, түрлі салада еңбек етіп жүргендерін сөз етті. `
«Театр – тылсым дүние» деген тақырыпты арқау еткен шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Дулыға Ақмолда, театр және кино әртісі Гүлшат Тутова сынды өнер майталмандарына аталмыш мектептің талантты өрендері Пушкиннің «Е.Онегин» мюзиклінен үзінді және Махамбет қойылымын тарту етті. Ал кездесуді осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Кенжебаева шұрайлы тілмен әдемі жүргізді. Театр тарландары мен балалардың бір-бірін жатырқамай еркін әңгіме-дүкен құруына жол ашқан осы Динара Қыдырбайқызы екенін айтуымыз керек. Қойылымға қонақтар өте жоғары баға беріп, балалардың тіл тазалығына, ой тазалығына, жан тазалығына тәнті болысты. Лайланбаған тұп-тұнық өнерді көрді... Шын мәнінде, Махамбетті - Қобылан Мирас, Исатайды - Батырбек Сапашев, Махамбеттің бәйбішесін - Бибінұр Ерғалиева сынды өрімдей жастар шебер сомдап шықты. Балалардың сұрауымен Бекжан Асаубайұлы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сүрініп кетпе» деген әнді орындап берді. Ойлы дүниені қоңыр даусымен тыңдаушысына жеткізе білген Бекжан ағамыз бұл кеште жас ұландарға үлкен әсер қалдырғанын байқадық. Басқосу барысында балалар күнде қолға түсе бермейтін меймандарға өз сауалдарын жолдап, қазақ театрының қара шаңырағы, киелі сахнада жүрген өнер иелерінің айтарына құлақ түрді.

 

1

2

3

4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан