«ҚР жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттырудың жаңа амалдары» атты семинар

2013 жылдың 7 ақпаны күні «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Орал қаласындағы филиалының  тірек мектебі облыстық дарынды балаларға арналған №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернат кешенінің базасында «ҚР жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттырудың жаңа амалдары» атты семинар өтті.

Семинарға облыстық ведомоствоға бағынысты және Орал қаласы мектептерінің директорлары қатысты. Семинар барысында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ  «Педагогикалық шеберлік орталығы» Орал қаласындағы  филиалының  директоры А.Т.Айтбөкешов «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру Нұсқаулығын» таныстыра отырып, 3 деңгейлі курстан өтетін мұғалімдерге қойылатын талаптар мен қатар мектеп директорларының осы мұғалімдердің қызметтеріне жағдай жасаулары туралы  айтып өтсе, бас менеджер Л.В.Обыденкина Біліктілік арттырудың көпдеңгейлі бағдарламасы, оның тұжырымдамасы мен мазмұнды ерекшеліктері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Мектеп директорлары өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, өзара сұхбаттасты. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Р.О.Хамза семинарды қорытындылап, алда үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын атап кетті.

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан