«Жұлдызайдан» жүлде көп. |
31.05.2018 12:34 |
Елордадан жағымды хабар жетті. ХІІІ «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылық фестивалінде облысымыздан барған арнайы мектеп -интернат тәрбиеленушілері топ жарып, жеңімпаздар қатарын толықтыруда. Атап айтсақ, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Рысхан Дәріс 15 - 18 жас аралығында «Вокал» номинациясынан, Диана Сарманова 10 - 14 жас аралығында «Вокал» номинациясынан І орынды жеңіп алып, өңіріміздің мерейін асқақтатты. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернатының оқушылары Зәріп Бірлік «Хореография» номинациясы бойынша І орынды және «Көркем қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Резниченко Татьяна ІІІ орынды иеленді.
|