Ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш
28.06.2018 16:57

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық мектеп-лицей интернатының түлегі Базарғалиева Нарқыз «Алтын белгі» иегері атанып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары 138 балл жинады. Облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен Нарқыз білім саласын үнемі назарда ұстайтын, білімпаз жастарды қолдап жүретін облысымыздың басшысы Алтай Көлгіновтің қабылдауында болды.

Алтай Сейдірұлы түлекті жетістігімен құттықтап, оның ата-анасы мен ұстазына ризашылығын білдірді.
- Білімсіз елде даму да, бәсеке де болмайды. Таңдауың IT-саласына түскен екен. Өте құптарлық. Жаңа технологиялар дәуірлеген уақытта бұл мамандық аса қажет. Біздің еліміз цифрландыру жолына бағыт алды. Өңіріміздің экономика салаларына цифрландыру мен «Смарт сити» жобасы еніп отыр, - деді А. Көлгінов. 
Жылы жүздесудің соңында өңір басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында басылып шыққан Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психология» атты кітабын Нарқызға сыйға тартты.
Нарқыз Берікқызы 1-8 сынып аралығында Орал қаласының Мәншүк Мәметова атындағы №27 физика-математика бағытындығы мектеп-лицейінде, 9 сыныптан бастап облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатында білім алып келді.
Барлық сыныптарда оқу озаты болған Нарқыз жаратылыстану-математика бағытын таңдап, білім додаларында биіктен көрініп жүрді.
Ол енді Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының біріне құжаттарын тапсырып, грант иеленуді жоспарлап отыр.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі