Облыстық М.Мақатаев оқуларының қорытындысы

М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау,  оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында 2013 жылдың 8 ақпаны күні «Дарын» қосымша білім беру мекемесінің базасында М.Мақатаев оқулары өтті.

Байқаудың облыстық кезеңіне облыстық мектептер, қалалық және аудандық оқулардың 14 жеңімпазы қатысты.

Олар ақынның шығармашылығын жетік білу бойынша сынға түсті. Ақынның өмірбаяны мен туындылары туралы 10 сұраққа жауап берді, М.Мақатаевтың өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқыды және қазылар алқасымен берілген тақырыптарға өлең шумақтарын құрастырды.

Тапсырмалардан сүрінбей өткен дарынды балаларға арналған №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 9-сынып оқушысы Камиева Индира бас жүлдені иемденді. Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жарасова Әдемі І орын, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ақкереев Еркебұлан мен  Жаңақала ауданы, Карманов ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кенжеғалиева Алина ІІ орын, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ЖОББМ 11-сынып оқушысы Шынарова Анара, Ақжайық ауданы, Тайпақ гимназиясының 9-сынып оқушысы  Саргелекова Жазира, Тасқала ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Байдөшева Алия ІІІ орын иегерлері атанып, облыстық білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтар табыс етілді.

1

2

3

4

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан