Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен ірі кәсіпорындардың басшыларымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті
25.09.2018 16:48

Облыс әкімдігінің Ықсанов залында әкім орынбасары Ғ.Оспанқұловтың төрағалығымен облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен ірі кәсіпорындардың басшыларымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдарының басшылары, колледж бен кәсіпорындарының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндері» атты Жолдауында «Мемлекет болашағының кілті қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, сонымен бірге түп тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда» деп айтқан болатын. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен айқындалатыны анық. Бәсекелестікке қабілетті, білімді маман тәрбиелеу – техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басты міндеттерінің бірі. Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктерінің байланысын нығайтудың маңызы аса зор. Мемлекетке қажетті мамандарды даярлау тек мемлекеттің міндеті ғана емес, бұл жұмысқа бизнес өкілдері, кәсіпкер азаматтардың белсенді қатысулары қажет. Бүгінгі шараның басты мақсаты да техникалық және кәсіптік білім беру саласында сұранысқа ие шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті кадрлар даярлау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылау, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдарын айқындау, бір келісімге келіп, пікір алмасу болды. Жиын соңында басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

1

2

3

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан