БҚО-да «Табысқа жету формуласы» форумы өтуде

Үш күнге созылатын колледж директорларының орынбасарларының басын қосқан форум әсерлі сәттерге толы екені ұстаздар жүзінен-ақ айқын аңғарылады. Салтанатты шара білім басқармасының басшысы Ш.Қадырованың құттықтау сөзімен ашылды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында білімнің салтанат құруына баса назар аудартқан болатын. Осыған орай Батыс Қазақстан облысында 100-ден аса колледж директорларының орынбасарларының қатысуымен «Дарын» қосымша білім беру орталығында "Өсу векторы" жобасы аясында «Табысқа жету формуласы» форумы ұйымдастырылды.

Форум білім ошақтары басшылары орынбасарларының кәсіби шеберлігін арттыру, білім менеджментіндегі жаңа теxнологияларды таныстыру, “Руxани жаңғыру” жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатын көздеді. Басқосуға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған колледж директорларының орынбасарлары танымал ұстаз-ғалым Шолпан Қыдырниязовамен, филология ғылымының кандидаты Омар Жәлелмен өнегелі сұхбат, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы, еліміздегі ең жас «Білім беру саласының үздігі» Дәурен Сағынғалиев, «EDTECH KZ» компаниясының негізін қалаушы, «Қазақ психологтар қоғамының» бірінші вице-президенті Ғани Бейсембаевпен бір күндік кездесу кештерін өткізіп, білім саласындағы жаңашыл идеяларымен ой бөлісіп, практикалық тұрғыда жұмыстануда.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

1

2

3

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан