«Жаратылыстану математика пәндері бойынша облыстық олимпиада материалдарын және ҰБТ-да кездесетін күрделілігі жоғары сұрақтарды талдау» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум

Облыстық білім басқармасы жанындағы  мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспары бойынша 2013 жылдың 13-ақпаны күні Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында «Жаратылыстану математика пәндері бойынша облыстық олимпиада материалдарын және ҰБТ-да кездесетін күрделілігі жоғары сұрақтарды талдау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинардың  мақсаты: дарынды балалармен жұмысты жандандыру арқылы оқыту үрдісінде жоғары нәтижеге жету жолдарын іздестіру.

Семинарға қала, облыс және барлық аудандардан жаратылыстану-математика бағытындағы барлығы 88 пән мұғалімі қатысты.

Семинар екі бөлімнен тұрды. 1 бөлімі: «Жаратылыстану математика пәндері бойынша облыстық олимпиада материалдарын талдау» болса, 2 бөлімі: «ҰБТ-да кездесетін күрделілігі жоғары сұрақтарды талдау».

Семинар бағдарламасы бойынша 5 бағытта секция жұмыстары ұйымдастырылды: Химия, биология, география пәндері бойынша МДОжЖБББ  әдіскері Т.О.Дарибаева  жетекшілік жасаса, математика, физика пәндері бойынша МДОжЖБББ әдіскері З.Ш.Шайханова   жетекшілік жасады.

Пәндер бойынша секция жұмыстары жүргізілді. Секция жұмыстарына жауапты болып, қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері тағайындалды. Химия секциясына жауапты  химия пәні мұғалімі Ж.Б.Жолгелдиев, биология секциясына жауапты биология пәні мұғалімі С.М.Досанов, география секциясына жауапты  география пәні мұғалімі А.Б.Сидарова, математика секциясына  жауапты математика пәні мұғалімі Б.А.Беделбеков, физика секциясына жауапты физика пәні мұғалімі Н.Ж.Шокобалинов.

Семинар қазақ-түрік лицейінің оқушыларының шығармашылық көрмесі мен шағын концерт қоюымен аяқталды.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі