Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Жастардың ғылыми ізденісі – ХХІ ғасырдың зияткерлік әлеуеті» атты облыстық ғылыми-техникалық оқулар

Елбасы «Қазақстан - білім қоғамы жолында» баяндамасында: - Өзімізде бар шикізат, жер асты байлығы ол-біздің бірінші байлығымыз, елімізді бір бағытта дамыту дұрыс емес, екінші-индустрияны, экономиканы дамыту-екінші мүмкіндігіміз.Осы бағытта бәсекелестікке қарсы тұруымыз қажет, жаңалық, инновация, технологияны шет елден емес, өзіміз ашуымыз керек, білікті мамандарды өзіміз дайындауымыз қажет – деп, білім саласы қызметкерлеріне және жастарға міндеттер артуы жастар бойына қайрат пен жауапкершілікті  артты.

Облысымыздағы жастардың өнертапқыштығы мен жаңашыл техникалық шығармашылықта бастамаларын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мақсатында  Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасынының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 14 ақпанда Орал қаласының Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында колледждер оқушылары арасында «Жастардың ғылыми ізденісі – ХХІ ғасырдың зияткерлік әлеуеті» атты облыстық ғылыми-техникалық оқулары оздырылды.

Атаулы шараның ерекшелігі –секция санының артуы, қатысушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарының жоғарлауы және РФ Саратов облысынан колледж студенттерінің өтініш беріп  ғылыми –техникалық  оқуды он-лайн режимінде қатысуы болды.

Облыстық  шараға студенттердің берілген бағыттарды өз мамандықтарымен байланыстыруы, тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмыстарын жүргізуі, қорытынды ұсыныстары, тақырыптарын аудиторияда қорғаулары бағаланды. Қатысушы студенттердің жұмыстарын облысымыздағы жоғары оқу орындарының ғылыми жетекшілері мен аға оқытушылары, арнайы орта оқу орындарының оқытушыларынан құралған сарапшылар бағалады.

Облыстық ғылыми – техникалық оқулары секциялық жұмыстарының жүлдегерлері пленарлық мәжілісте өзара сынға түсіп, сарапшылар шешімінің қорытындысы І,ІІ,ІІІ орындарды белгіледі.

І орын – А.Бекетов (Орал газ мұнай және салалық технологиялар колледжінің оқушысы); ІІ орын – Р. Таспаева (Орал «Сервис» технологиялар колледжінің оқушысы); ІІ орын - Қуанышқалиев Дамир (Қаратөбе колледжі); ІІІ орын - Жамелова Армангул (Теректі колледжі); ІІІ орын – Ә.Зулхаров, Мусин Самат (Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі);Номинациялар бойынша: «Жас эколог» Аманжолов Дулат (Орал газ мұнай және салалық технологиялар колледжі); «Ақпаратты насихаттаушы» И.Богданова (Орал ақпараттық технологиялар колледжі); «Өнер насихаттаушы» Н. Мақпозова (Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі).

Облыстық ғылыми-техникалық оқуы дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылмақ.


МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі