«Батыс O’SY’ VEKTORY» мектебі аясында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «TALANT.SHABYT.TALAP» форумның БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ |
27.12.2018 00:00 |
Орал қаласы 2018 жыл 10-13желтоқсан Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және «Қосымша білім беру ұйымдарына – 100 жыл» толуына байланысты ағымдағы жылдың 10-13 желтоқсанында «Батыс O’SY’ VEKTORY» мектебі аясында қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары және педагогтарына арналған «TALANT.SHABYT.TALAP» атты форум өткізіледі. Мақсаты: қосымша білім беру ұйымдарының маңыздылығы мен роліне қоғамның назарын аудару, іс-тәжірибе алмасу. Форумға аудандық/қалалық өңірлердің қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары және қосымша білім беру педагогтары, қоғам қайраткерлері, білім саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысады. Өту нысаны: ардагер ұстаздарды құттықтау, акциялар, мерекелік концерттер, кездесулер және т.б. Форумға қатысушылар саны - 110. Уақыты: 10-13желтоқсан 2018 жыл Өткізілетін орны: Орал қаласы, Қадыр Мырза- Әлі атындағы шағынаудан, Құрылыс 18, Оқушылар және жастар сарайы Ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондармен хабарласуға болады: 24-60-54; e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript |