«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы өтеді
Friday, 11 January 2019 09:59

Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай ағымдағы жылдың 28 мамырында «Орта білім беретін үздік ұйым» атты конкурсының (сырттай) өтетінін хабарлайды.

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мен облыстық мектеп басшылары конкурстың жеңімпаздарын анықтап, жоғарыда аталған бұйрығымен бекітілген ереженің 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды және өтінімді («Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертті) ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін облыстық білім басқармасына (211-бөлме) тапсыруы тиіс.

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан