Жас музыканттардың 47 облыстық фестиваль – конкурсы оздырылды

2013 жылғы 20-21 ақпанда Орал қаласының Д.Нүрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі мен № 3 балалар саз мектебінде жас музыкант-оқушыларының облыстық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты - білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік көркем мәдениеттің дәстүрлеріне тұлғаның қызығушылығын ояту, заманауи композиторлардың шығармаларына және үздік үлгідегі музыкалық мұраны  білуге ынталандыру, талантты балалардың ұжымдары мен музыкалық білім алушы дарынды  балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және шығармашылық мүмкіндігін кеңейту, олардың орындаушылық шығармашылықтарын  көтеру. Балалардың музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдары және фортепиано бөлімінде білім алып жатқан оқушылар бақтарын сынады. Аймағымыздың жас өнерпаздары өнерлерін асқан шеберлікпен орындап, көрермендер қауымын тәнті етті. Жас пианисттер конкурсы жастарына қарай  кіші, орта және ересек топтарға бөлінді: кіші және орта топтар бір турда өнер көрсетсе, ересек топта екі турда ұйымдастырылды.

Қазылар алқасына өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін бағалап, шын үздіктерді іріктеп алу қиынға соқты. Екі күнге созылған айтулы дода нәтижесінде пианисттер арасында ересек топтан Орал қаласы № 1 БСМ-тің оқушысы Левтяева Анастасия, орта топтан Орал қаласы № 3 БСМ-тің оқушылары Жигалина Оксана мен Коба Анна Гран-при иеленсе,  хор ұжымы бойынша Гран-При Орал қаласы №3 балалар саз мектебінің қанжығасына байланды. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хаттар табыс етілді. Ал, жеңімпаздар республикалық байқауда облыс намысын қорғауға мүмкіндік алды.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі