Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің аймақтық іріктеу кезеңі |
Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Аймақтық кезең 10-16 жас аралығындағы мектеп жасындағы балаларға Бөкей ордасы ауданының Орда ауылының мәдениет үйінде (Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандары), Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте (Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары) және облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешенінде (Ақжайық, Зеленов, Тасқала аудандары, Орал қаласы, облыстық мектептер) ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары ән орындау, хореография, аспапта орындау, авторлық туындыларды орындау, бейнелеу өнері номинациялары бойынша жарысты. Іріктеу кезеңіне барлығы 180 оқушы қатысты, әділ-қазылардың шешімімен 74 оқушы 15 сәуірде қазақ драма театрында өтетін даму мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңіне қатысатын болады. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық фестивалға және Астана қаласында өтетін халықаралық балаларды қорғау күніне арналған гала концертке қатысуға шақырылатын болады. |