Мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының «Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңі

2013 жылдың 15 сәуірінде қазақ драма театры базасында мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының «Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңі өтті.

Фестивальді ұйымдастырушылар БҚО білім басқармасы және облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы.

Сахнада аймақтық кезеңнен өткен 56 бала өнер көрсетті.

Сонымен қатар республикалық әділ-қазылар назарына 18 бейнелеу өнері бойынша жұмыстар көрсетілді.

Фестивальға облыстың барлық ауданы, Орал қаласы және облыстық арнаулы түзеу мектеп-интернаттары оқушылары қатысты. Фестивальға қатысушылардың барлығы арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Республикалық әділ-қазылар фестивальдің ұйымдастырылуы және шығармашылық номерлердің жоғарғы деңгейде екенін атап өтті.

Концерттік бағдарламадан кейін облыстық қазақ драма театры әртістерімен фестивальға қатысушыларға спектакль ұйымдастырылды.

Фестивальдің демеушілері «Мир видео» дүкені (Сариев Д.С.), «Айдана» мейрамханасы (Жугунисова М.М.), «Сервер +» ЖШС (Наумов А.В.), «Родник» ЖШС (Хайруллина Л.М.), «Кабакова» ЖК (Кабакова Н.М.).

Біздің облыстан республикалық фестивальға қатысатын оқушылар барлық облыстық кезең өткеннен кейін республикалық әділ-қазылар мүшелері шешімімен белгілі болады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі