Курстың тақырыбы: «Балалар лагерлерінің қызметін ұйымдастырудың инновациялық жолдары».
Мақсаты: - балаларға арналған білім беру сауықтыру орталықтарында, қала сыртындағы лагерьлерде қызмет ететін тәлімгер кадрларын дайындау; - тәлімгер мамандығын арттыру үшін, теориялық және әдіснамалық оқыту, тәрбиелеу, балаларды дамыту негіздерін білетін тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларына, педагог-ұйымдастырушылары мен педагог кадрларға қолайлы жағдай жасау;
- балалар сауықтыру лагерлерінде қызмет ететін тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру; - қосымша білім беру саласындағы балалар мен ата-аналардың бірлескен қызметіне жәрдемдесу; - қосымша білім беру мекемелерде оқу-тәрбие жұмысы барысында қазіргі интерактивтік технологияларды қолдану.
Міндеті: - басқарудың психологиялық-педагогикалық негіздерімен таныстыру; - корпоративтік басқару әдістерін қолданудың дағдыларын құрастыру; - коммуникативтік және ұйымдастыру дағдыларын дамыту; - өздігінен жетілуге, шығармашылық қызметке ынталаландыру.
Ұйымдастырушылар: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РМҚК), Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы, Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы.
Қатысушылар: Республикалық курсқа Астана қаласы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облысы - барлығы 87 адам катысты.
Өтетін орны, уақыты: Сәуірдің 17-20 жұлдызы 2013 жылы, «Дарын» қосымша білім беру орталығы.
Оқу дәрістерді өткізу үшін Коми Республикасы Үйлестіру Кеңесінің Төрағасы КАҚҰ «КР БҚБ Қауымдастығы» - Андреев Василий Михайлович, Астана қаласынан "Жас Ұлан" РҚБ ББЖҰ төрайымы - Болдурукова Назира Болатқызы шақырылды.
Курстың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.
|