«Үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық байқауы

Білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтардың тәжірибелерін қолдау және насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы  орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2013 жылғы 18 наурыздағы №18 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың  18-19 сәуір аралығында № 1 ЖОББМ базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, облыстық мектептерден 13 мұғалім қатынасты.

Мақсаты:

- Дене  шынықтыру оқытушыларының мәртебесін көтеру, дарынды педагогтарды айқындау, қолдау және марапаттау, олардың педагогикалық шеберліктерін арттыру;

- озық тәжірибені, дене шынықтыру пәнін оқытудың жаңа технологияларын анықтау және тарату;

- оқушыларға салауатты өмір салтын оқыту сапасын арттыру;

Байқау екі кезеңнен тұрды: аудандық және облыстық.

Байқаудың кезеңдерінде қатысушының портфолиосы, ашық сабақтары (бейнетаспа) және оқу-тәрбие жұмысының бағдарламасы қаралды.

Облыстық кезең екі бағыт бойынша 3 турда өтті:

І тур «Менің  кәсіби таңдауым » өзін-өзі таныстыру (5 минут).

ІІ тур «Үміткердің өз қалауы бойынша  ашық сабақ  беріледі»  (20 минут).

ІІІ тур  «Кім жүйрік?» (сабаққа қатысты тест жұмысы 45 минут).

Әділқазылар шешімі негізінде жеңімпаздар анықталды.

І орын – ОДБАМ С.Сейфуллин атындағы №11 ОҚМИК дене шынықтыру мұғалімі Мырзагереева А.Т.

ІІ орын – Жаңақала ауданы, Айдархан ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі Набидуллин Е.М.

ІІІ орын – №43 ЖОББМ  дене шынықтыру мұғалімі Үбишев Ы.К.

Номинация иегерлері:

- «Талантты ұстаз» - Еременко Ю.Н., Зеленов ауданы, Даринск ЖОББМ;

- «Жаңа ғасыр ұстазы» - Бижанов О.Р., Теректі ауданы, Еңбек ЖОББМ;

- «Шығармашыл ұстаз» - Қ.Нагиев, Тасқала ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ.

Дене шынықтыру мұғалімдері байқауында жетістікке жеткен мұғалімдер Білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі