Облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық ойындары |
Оқушылар бойында Отанына беріктігін, азаматтық борышын өтеуге, конституциялық міндетін орындауға даярлығын және жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында сәуір айының 19-20 жұлдызы аралығында Орал қаласының №10 ЖОББМ спорт кешенінде облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық ойыны оздырылды. Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына 14-17 жасқа дейінгі балалар қатысты. Іс-шараға Ақжайық ауданы, Бөкей орда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі аудандары, Орал қаласы № 41, 42 ЖОББМ, ОАТК №5, С. Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернатының оқушылары бас қосты. Ойын барысында командалар саптық даярлық, атыс даярлығы, әскери кросс, кермеге тартылу, командамен таныстыру презентациясы, «Тосын сый» байқаулары бойынша сынға түсті. Байқау нәтижесінде, I орынға Жәнібек ауданы, II орынға Ақжайық ауданы мен Орал қаласы № 41 ЖОББМ иеленсе, III орынды Бөрлі ауданы, Теректі ауданы, ОАТК № 5 өзара бөлісті. Сонымен қатар, IV орынға - Бөкей орда ауданы, V орынға - Қаратөбе ауданы, VI орынға – Зеленов ауданы, VII орынға - № 42 ЖОББМ, VIII орынға – Тасқала ауданы, IX орынға - С. Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернаты, X орынға – Жаңақала ауданы, XI орынға – Казталов ауданы иеленді. Ойын жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. |