«Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар-кеңес |
2013 жылдың 3 мамырында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде «Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар-кеңеске білім бөлімдерінің жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесіне жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлері мен барлық түрдегі лагерьлер үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен оздырылды. Қатысушылар саны – 100 (адам). Теориялық бөлімде 2012 жылы жазғы демалысты ұйымдастырудың қорытындысы мен 2013 жылда жүргізілетін жұмыстар туралы мәселелер талқыланды. Практикалық бөлімде қатысушылар жазғы лагерьде жүргізілетін құжаттардың жүргізілуімен танысып, практикалық тәжірибелерімен алмасты. |