«Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық ерекшеліктері» атты он-лайн семинар |
Ағымдағы жылдың 16 мамырында білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық ерекшеліктері» тақырыбында он-лайн семинар өткізілді. Мақсаты: ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушы-лардың өздеріне деген сенімділігін арттыру. Семинарға облыстық, аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен 11 сынып оқушылары қатысты. Семинар барысында педагог-психолог мамандар оқушылардың ҰБТ алдындағы қорқыныш сезімдерін азайту және сенімділіктерін арттыру мақсатында тренингтер, ойын жаттығуларын жүргізіп, өз іс-тәжірибелерімен алмасты. |