Инклюзивті, арнаулы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі |
12.04.2012 11:09 |
бөлім басшысы: Бержанова Агиис Базарбайқызы
210 каб., тел.: 26-04-66
Балалар құқығы жөніндегі конвенцияны, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексті, ҚР «Білім туралы», «ҚР баланың құқығы туралы», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзеу қолдау туралы» Заңдарын орындау және т.б. басшылыққа алады. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың аймақтық есебін жүргізеді. Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметінің мониторингін жүргізеді. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тұратын балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне және оларды асырап-бағу жағдайына бақылауды қамтамасыз етеді. Басшылық жасайтын мәселелері: - балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронаттық тәрбиеге беру; - арнаулы білім және даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дәрігерлік-педагогикалық қолдау; - «Асырап алушылар мектебін» ұйымдастыру; - жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің түлектерін, қорғаншылық (қамқоршылық) және патронаттық тәрбиедегі балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және еңбекке орналастыру; - өмірде қиын жағдайға тап болған балалар және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берілген балаларға білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Бөлімнің қызметкерлері: Хамзина Сәулеш Меңдиғалиқызы - бас маман; Турешов Мирасбек Берікқалиұлы - бас маман. |